Осыдан 1 апта бұрын сайтымызда байқау жариялаған болатынбыз. Бұл жолғы сауалымыз "МЮ" командасына гол соққан қазақстандық ойыншының есемін табу жүктелген болатын жанкүйерлерге. "Аладоп.кз" сайтының оқырмандарының жалпы бұл сауалға оңайлықпен жауап таппағаны белгілі. Қазіргі футболсүйер қауымның теңбіл доп төңірегіндегі білімі шамалы екендігі осыдан айқындала түсті. Әрине, біз біреуді сынағанды қатырамыз. Бірақ, соған қарамастан өзіміздің де шамамыздың шарқын біліп барып, көсілгеніміз жөн болар-ау.
Сонымен жауапты жарияласақ. Бұл футболшы Владимир Нидергаус болатын. Кезінде "Ротор" сапында өнер көрсеткен қазақстандық футболшы "МЮ" қақпасына еурокубоктық ресми кездесу аясында гол соққан. Бұл жайт әрине, қазақ футболының тарихында орын алатын жағдай. Бізге келіп түскен көптеген жауаптың ішінде тек 4 жауап дұрыс шықты. Олар: Жұмағазиев Құрмет, Төребаев Наурызбай, alihan, Бауыржан есімді оқырмандар. Ал біз сол дәл тапқан оқырмандар ішінен тек бір жеңімпазды анықтауымыз керек. Сайт редакциясының ойынша толықтай жақсы жауап берген ол:
Біздің серіктес: FONBET