Байжан ДУБАЙ. Ұлан жылдың үздігі

20.12.2011, 21:45
Байжан ДУБАЙ. Ұлан жылдың үздігі
2011 жылдың ең үздік футболшысы белгілі болды. Ұлттық футбол лигасы жүргізген дауыс беру нәтижесінде Қазақстан құрамасының және «Шахтер» футбол клубының жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев еліміздің ең үздік футболшысы атағына лайық бірден бір ойыншы деп танылды. Ұлттық құрамаға қабылданғанына бір жыл толса да, жанкүйер сенімін ақтап, бапкер міндеттерін сәтті орындай білген Ұланды қазақ жанкүйері жылы қабылдады. Әсіресе, Түркия құрамасына соққан тамаша голын қазақ футболсүйерлері ғана емес, азулы түріктердің өзі ұмытпасы хақ. Ересектер арасындағы тұңғыш матчын «Тараз» клубында өткізген Қонысбаев «Локомотивтің» сапында жүріп ел Суперкубогына иелік етті. Ал, Қарағандылық «Шахтердің» қатарында биыл тұңғыш рет Қазақстан чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Қазақ футболының жас үміті Ұлан Қонысбаевты алғашқы жеңісімен құттықтай отырып, оны болашақта Еуропа алаңдарынан көргіміз келетінін жасырмаймыз. Алдағы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасын Ұлан жеңіске бастайды деген сенім зор!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×