Семейде Самат Смақов атындағы футбол мектебі ашылды

20.12.2011, 21:41
Семейде Самат Смақов атындағы футбол мектебі ашылды
Семейде Самат Смақов атындағы футбол мектебі ашылды, деп хабарлады Семей мемлекеттік педагогикалық институтының (СМПИ) баспасөз қызметі. Қазірдің өзінде мектепке 10 жастағы балалар қабылдана бастады. Бұл шараны қолдауға футболшылар келді. Атап айтсақ, кездесуге Қазақстан футболының ардагерлері, КСРО-дің спорт шебері Сергей Волгин, Вахид Масудов, Фанас Салимов және тағы да басқалары қатысты. Бұл кездесу балалар мен жасөспірімдер үшін үлкен қуаныш. Футбол мектебіндегі жаттықтыру сабақтары тегін жүретін болады, оны қолдау жұмыстарымен Самат Смақов пен СМПИ айналысады. Сонымен бірге ашылу салтанатында қала әкімі Айбек Кәрімов мектепке «Газель» көлігін тарту етті. Айта кетейік, Самат Смақов Семей футбол мекткбінің тәрбиеленушісі, қорғаушы және жартылай қорғаушы, Қазақстан құрама командасының бұрынғы ойыншысы, «Ақтөбе» футбол командасының капитаны болған. ҚР ең үздік футболшысы (2003-2009ж.), Қазақстанның алты дүркін чемпионы, екі дүркін Қазақстан кубогының иегері (2002, 2008ж.).
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
КЕРЕМЕТ ФУТБОЛ!
Серіктес жаңалықтары
×