Балғын футболшылар Теміртауда жаттығуда

21.02.2012, 05:42
Балғын футболшылар Теміртауда жаттығуда
Тек Теміртауда 1-ші сыныптан бастап теңбіл допты меңгереді. Қазақстан бойынша осы қалада ғана футбол сабағы білім бағдарламасына енгізілген. Былтырдан басталған бұл жоба бүгінде 12 оқу орнында жүзеге асып жатыр.  Мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршінге жергілікті «Болат» футбол клубының 9 білікті бапкері ала доптың сан түрлі айла тәсілін үйретеді. Олардан 6-7 жастағы 300-ге жуық бала тәлім алуда. Футбол әліппесімен жіті танысу үшін әр сыныпқа аптасына 1 жарым сағат бөлінеді екен. Соңғы 2 ғасырда дөңгеленген дүниені дүбірлеткен ойынның тарихы өз алдына бір пән. Демек, Теміртау қаласының жас буыны Қазақ футболының болашағына сүббелі үлесін қосатын секілді. http://kaztrk.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×