Жаңа бапкер жұмысын бастады

21.02.2012, 05:41
Жаңа бапкер жұмысын бастады
«Анжи» футбол клубының тізгінін ұстаған Гус Хиддинк Түркияда алғашқы жаттығуларына кірісті. Голландия бапкері Махачкала командасымен 1 жарым жылдық келісім-шартқа қол қойған болатын.  Ол 45 күн ғана жаттықтырушы болған Юрий Красножанды алмастырды. Кейбір бейресми деректерде бұрынғы бас бапкердің қызметтен кетуіне команда жұлдыздары Самюэль Это мен Роберто Карлос ықпал етті делінеді. Ал бұл жағдайды жіті түсінген жаңа бапкер Гус Хиддинк дәл осы камерундық және бразилиялық легионерге мол сенім артатынын мәлімдеді. Осы тұста Нидерландиялық маманның жасыл алаңдағы жетістіктерін шолып өтсек. 1998 жылы Голландия құрамасын, ал араға 4 жыл салып Оңтүстік Корея ұлттық командасын Әлем чемпионатының жартылай финалына жеткізді. 2008 жылы Ресей құрамасына Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері атануға көмектесті. Ал Түркия құрамасын қарт құрлық чемпионатының іріктеу турнирінен өткізе алмағандықтан жұмысынан босатылды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×