Қос “Боруссия” бундеслиганың көшін бастады

21.02.2012, 05:39
Қос “Боруссия” бундеслиганың көшін бастады
Ал Германия біріншілігінің 22-турында “Фрайбургпен” тең тарқасқан мюнхендік “Бавария” маңызды ұпайдан қағылды.   Юпп Хайнкес баптайтын неміс машинасы кездесуді ширақ бастады. Алайда Тони Кроос, Томас Мюллер бастаған “Бавария” шабуылы Оливер Бауман қорғаған қақпадан саңылау таппады. Екінші таймда алаңға шыққан Арьен Роббен де ойынды жандандырғанымен гол соға алмады. Ал “Кайзерслаутернге” қонаққа барған  “Боруссия” Менхенгладбах тартысты өткен бәсекені өз пайдасына шешті. Үзіліске дейін Патрик Херман есеп ашса, араға небәрі  бес  минут салып Хуан Аранго есепті еселеді. Екінші таймда қорғаныста сауатты ойнаған алаң иелері Леон Йессеннің көмегімен есеп айырмасын қысқартты. http://ktk.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×