"Сұңқардың" құрамы қарымды ма?

21.02.2012, 05:36
"Сұңқардың" құрамы қарымды ма?

Биыл тұңғыш рет Премьер-лигада ойнайтын Қаскелеңнің "Сұңқары" жаңа маусымда команда намысын қорғайтын футболшыларының тізімін жариялады.Бұл футболшылармен "Сұңқар" Қазақстан футболында қай белесті бағындыра алатынын маусым соңында байқаймыз.

       Үшінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Алматының "Сұңқары" ақпанның Түркияға қайта ұшты.  Белгіленген орнына күндіз келген команда кешкісін-ақ жаттығу өткізіп жіберіпті. Бұл жиында "Сұңқардың" бапкерлік кеңесі бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлауда. Осы ойындар арқылы футболшылардың физикалық дайындығын, алаңдағы түсіністігін және тактикалық-комбинациялық жаңашылдықтарын шыңдап алмақ. Ақпанның 17-сі мен 18-інде футболшылардың барлығы Анталияның жергілікті медициналық орталықтарының бірінен толық тексеруден өтті. Соған байланысты, бұл күндері команда тек жеңіл жаттығумен ғана шектелді. Естеріңізге сала кетейік, біріншіліктің 1-турында "Сұңқар" өз алаңында Талдықорғанның "Жетісу" клубын қабылдайтын болады. Ал үшінші оқу-жаттығу жиыны наурыздың 3-іне дейін жалғасады да, жаңа маусымға дайындықты жалғастыру үшін футболшылар Алматыға келеді. Сонымен, үшінші оқу-жаттығу жиынына Алмас Құлшынбаев шәкірттері толық құрамда, 100 пайыздық жиынтықпен аттанды. Жаңа маусымда команда намысын қорғайтын 25 футболшымен де келісімшарт жасалып қойды.                                                             "Сұңкар» жаңа маусым құрамы: Қақпашылар: Томислав Враньич («ХНК-Цибалия», Хорватия), Андрей Пасеченко, Виталий Кувшинов. Қорғаушылар: Дәулет Өскенбаев, Олег Сабиров («Атырау), Тимур Молдағалиев, Евгений Нохрин, Асхат Мыңбаев («Жетісу»), Владимир Седельников («Атырау»), Ільяс Әмірсейітов, Никола Тонев(«Волгарь-Газпром», Ресей), Станислав Нохунек («Михаловце», Словакия) Жартылай қорғаушылар: Тимур Халмұратов, Милош Адамович ("Тараз"), Горан Цветкович(«Инджижа», Сербия), Дәурен Сүйінов («Жетісу»), Луис Родригес («Ольборг», Дания), Александр Андреев, Антон Шурыгин, Жігер Көкеев, Әлімхан Тәжмағамбетов, Шабуылшылар: Әлібек Бөлешев, Бауыржан Турысбек, Алексей Шапурин, Милош Никезич(«Петровац», Черногория) (жақшаның ішінде бұрынғы клубтары көрсетілген). http://alasharena.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×