Бәрі де Мадрид пен Мюнхенде шешіледі

02.04.2014, 10:00
Бәрі де Мадрид пен Мюнхенде шешіледі
"Бавария" осы маусымда үшінші рет Англияға, екінші рет Манчестер шаһарында. Себебі, жолына  ағылшын командалары ізбе-із жолығуда. Топтық кезеңде "Манчестер Сити", 1\8 финалда "Арсенал", енді міне "Манчестер Юнайтед". Бірақ, бұл команда бұрынғылардан өзгерек. Бұл-тарихи текетірес. Уақытында екі команданың орындауында, Чемпиондар Лигасындағы ең үздік финалдарының бірі болған. Сонау, 20-сыншы ғасырда. Ал, екі ұжым осыдан 3 жыл бұрын жолыққан кезде, немістердің мысы басым болғантұғын. Әрине, бұның бәрі тарихқа қысқаша шолу. Бүгінгі "Бавария" басқа, бүгінгі "Манчестер Юнайтед"-басқа. Тарихпен салыстырғанда. "Бавария"-автоматты машина, "Манчестер Юнайтед"-негізгі жүргізушісінен айырылған, сылдырлаған, жөндеуді қажет ететін механикалы машина. Неге дүр екі команданы салыстырғанда, ойға осындай теңеу келеді. Өз еліңде чемпиондық тағдырын 2 ай бұрын шешіп қойған "Бавария" мен, Примьер-Лиганың жетінші орнын сақтандырып алған "Манчестер Юнайтед" арасындағы текетірес тағдырын, көбі бұл кезеңдегі болжауға ең оңай жұп дейді. Мүмкін. Бәрі келісер, бірақ "қызыл сойқандар" бұнымен келіспейді. Әрине, бүгінгі "Баварияны" жеңу мүмкін емес болып көрінсе де, манчестерліктер тырысады, шайқасады. Негізі, бүгінгі ойын алдында да "Олд Траффорд" үстінен баннерінде: "Қате таңдау! Мойес кетсін!"- деген жазу ұшақ тағы бір мәрте өткені дұрыс па еді.. Өткен сенбіде сол баннерді оқыған футбошылар, "Астон Вилланы" тас-талқан еткен болатын. "Астон Вилла" мен "Баварияны" салыстыру сау адамның ісі болып көрінбесе де, футболда не болмайды? Ғажайып атты тылсым дүниені жоққа шығаратын кім бар екен? Ғажайып болмаса да, мини ғажайып! Өзгені білмеймін, өз басым бүгін "Манчестер Юнайтед" есімді команданы көрдім. Өзі үшін ғана емес, Мойес үшін де шайқасар ұжымды көрдім. "Бавариямен" толыққанды тең ойнай алмаса да, белгілі бір түрде қарсылық танытты "Юнайтед". Ірі есепті күткен реалист қауымның пікірі, бүгінгі реализмнен алшақтығын көрсетті. Әрине, ойын компанентерінің барлығынан мюнхендіктер басымдылығы көзге ұрып тұрды. Бірақ, ең бастысы таблодағы нәтиже. Бүгінгі "Баварияға" қалай ойнау керектігін, "Манчестер Юнайтед" көрсетіп берді. "Баварияны" космастағы команда дегеніміз артық айтқандық екен. Олар да адам, олар да қателеседі екен, оларда да негативтік эмоция бар екен. "Олд Траффордтағы" матч соның дәлелі. Десек те, қорытында есеп "Бавария" пайдасына. Қарымта кездесуге, немістердің жауап добын тоғытып қана қоймай, алаңнан қуылған Швайнштайгер мен, сары қағаздардың жиналуына байланысты Хави Мартинес қатыса алмайды. Бәрі де, бір аптадан соң, Германияда шешіледі.

1 сәуір. Манчестер. Стадион "Олд Траффорд". 73000 көрермен. Төреші - Карлос Веласко Карбальо (Испания).

МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД - БАВАРИЯ - 1:1 (0:0)
 Неманья Видич, 58 (1:0). Бастиан Швайнштайгер, 67 (1:1).
Манчестер Юнайтед Бавария
 Давид Де Хеа  Мануэль Нойер
 Фил Джонс  Марсио Рафинья
 Рио Фердинанд  Хави Мартинес
 Неманья Видич  Джером Боатенг
 Александр Бюттнер, 74  Давид Алаба
 Маруан Феллаини  Арьен Роббен
 Майкл Кэррик  Филипп Лам
 Райан Гиггз, 46  Тони Кроос, 74
 Антонио Валенсия  Бастиан Швайнштайгер
 Уэйн Руни  Франк Рибери
 Дэнни Уэлбек, 85  Томас Мюллер, 63
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Синдзи Кагава, 46  Марио Манджукич, 63
 Эшли Янг, 74  Марио Гётце, 74
 Хавьер Эрнандес, 85  

Ескертулер:

 Антонио Валенсия, 15  Бастиан Швайнштайгер, 61
   Марио Манджукич, 82
   Хави Мартинес, 89
   Бастиан Швайнштайгер, 90(қызыл қағаз)

 

Осы маусымда бір-бірінен айласын асыра алмай жүрген екі команданың жолы бүгін Чемпиондар Лигасында түйісті. "Атлетико" мен "Барселона" өзара біраз матчтар өткізсе де, Чемпиондар Лигасында қарсылас атанбаған. Анық фаворитті ешкім атап бере алмайды. "Барселонада" тәжірбие молырақ болса, "тәжірбиенің аты-тәжірбие" дегенді жоққа шығарғысы келетін "Атлетиконың" жойқын ойыны бар. Бұл ойыннан бәрінің күткені тартысты. қызықты, нәтижелі, екі команданың орындауындағы үздіксіз шабуылдарға мол ойын. Бірінші тайм аяқталған соң, футбол сүйер қауымның көбінің ойынға көңілі толмағаны байқалды. Онлайн пікірлер кезіңде. Мүмкін бірінші тайм күткен нәтижені ақтамаған болар. Бірақ, футбол сахнасы-театр сахнасы емес. Футболшылар, жанкұйерлерге, көрермендерге ұнау үшін емес, команда үшін керекті нәтижені еншілеу үшін ойнады. Бәске тігілген-жартылай финалға жолдаманы өанжығаға байлау үшін ғана таласары хақ. Екінші тайм қызығырақ өтті. Голдар да болды, әдемі комбинациялар. Әсіресе, Диегоның 30 метрдей жерден тоғыздыққа дәл тоғытқан голы. Негізі, Иньестаның ойынына қарап, өмірде идеал атты дүние бағындырылатын кездер де болатынына көзің жетеді. Иньестаның Неймарға ойлап тапқан пасын, тек Иньеста ғана ойлап таба алады. Бұл текетіресте де бәрі-бәрі Мадридте шешіледі. Бір команда міндетті түрде жеңіледі, маусымдағы дәстүрге айналған тең нәтижелері тоқтайды.

1 сәуір. Барселона. Стадион "Камп Ноу". 79941 көрермен. Төреші - Феликс Брых (Германия).

БАРСЕЛОНА - АТЛЕТИКО - 1:1 (0:0)
 Диего, 56 (0:1). Неймар, 71 (1:1).
Барселона Атлетико
 Хосе Мануэль Пинто  Тибо Куртуа
 Даниэл Алвес   Хуанфран
 Херард Пике, 12  Диего Годин
 Хавьер Маскерано  Жоао Миранда
 Хорди Альба  Фелипе
 Хави   Арда Туран, 78
 Серхио Бускетс  Габи
 Сеск Фабрегас, 68  Тиагу Мендеш
  Неймар  Коке
 Лионель Месси  Давид Вилья, 71
 Андрес Иньеста   Диего Коста, 30
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Марк Бартра, 12  Диего, 30
 Алексис Санчес, 68  Хосе Эрнесто Соса, 71
   Кристиан Родригес, 78

Ескертулер:

 Андрес Иньеста, 56  Коке, 19
 Хорди Альба, 58  Габи, 38
    Арда Туран, 44
    Хуанфран, 52
   Диего, 80
   Хосе Эрнесто Соса, 90+2

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×