«Аладоптағы чемпиондар лигасы» 1/4 финал

31.03.2014, 05:46
«Аладоптағы чемпиондар лигасы» 1/4 финал
Сайытымызда ұйымдастырылып жатқан «Аладоптағы чемпиондар лигасы» болжам бәйгесінің үшінші айналымын, 1/4 финал, ойындарын бастаймыз. Алдымен ширек финалға шыққан 8 оқырманымызды таныстыра кетейік. Естеріңізде болса алдыңғы он алтылыққа енген қатысушыларымыз өзара жұп құрап ширек финал жолдамасын сарапқа салған болатын.  Екінші кезең нәтижелері: 1.Куаныш- Челси — «Челси» 10 ұпай  Сәкен Қайрат — «Галатасарай» 10 Ұпай 2. Шоқан Барселона — «Барселона» 12 Ұпай  YERSIN —«Манчестер Сити» 5 ұпай 3. Тұрсынбек башар —«Реал Мадрид» 8 Ұпай    Бекдәулет- Реал —«Шалке» 0 ұпай 4. Жанибек —«Боруссия Д» 6 ұпай   Жасок —«Зенит» 7 Ұпай 5. aidos —«Манчестер Юнайтет» 7 ұпай    Медет Бағдәулетұлы — «Олимпиакос» 12 Ұпай 6. Азамат —«Атлетико Мадрид» 8 Ұпай    Данияр Исхан — «Милан» 7 ұпай 7. Атырау обылысы кызылкога — ПСЖ   5 Ұпай    х-фанс —«Байер 04» 0 ұпай 8. FC BAYREN-NURS — «Бавария» 6 ұпай   Nurdaulet —«Арсенал» 7 Ұпай  Ескертулер: 1. Көк түспен боялғандар келесі кезеңге өткендер. 2. Қуаныш-челси мен Сәкен қайраттың ұпайы тең (10 ұпай) болғандықтан, Сәкен Қайраттың сырт алаңда "ойнағанын" ескеріп келесі кезеңге жібердік. ("Челсидің" өз алаңында, "Галатасарайдың" қонақта ойнағанын айтып отырмыз.) Келесі айналымдарда да ұпай тең болған жағдайда осы ережеге жүгінетін боламыз. 3. х-фанас пен Бекдаулет- реал болжам жасамағандықтан 0 ұпай жаздық. Алдыңғы сегіздікке сүрінбей жеткен жүйріктеріміз: 1.  Сәкен Қайрат — «Галатасарай» 10 ұпай 2. Шоқан Барселона — «Барселона» 12 Ұпай 3. Тұрсынбек башар —«Реал Мадрид» 8 Ұпай 4. Жасок —«Зенит» 7 Ұпай 5. Медет Бағдәулетұлы — «Олимпиакос» 12 Ұпай 6. Азамат —«Атлетико Мадрид» 8 Ұпай 7. Атырау обылысы кызылкога — ПСЖ 5 Ұпай 8. Nurdaulet —«Арсенал» 7 Ұпай Чемпиондар лигасының ширек финалдық жеребесі тартылып қойғанын бәріміз білеміз. Ендеше, біздің ойыншылар да сол жеребе бойынша жұп құрайды. Өз командасы жолдан шығып қалған қатысушыларымыз қарсыласының командасына иелік етеді. Сонымен 1/4 финалдық ойындар: 1. Атырау обылысы кызылкога — ПСЖ  VS  Сәкен Қайрат — «Челси» 2. Шоқан Барселона — «Барселона» VS   Азамат —«Атлетико Мадрид» 3. Тұрсынбек башар —«Реал Мадрид»  VS   Жасок —«Боуссия Д» 4. Медет Бағдәулетұлы — «Манчестер Юнайтет»  VS  Nurdaulet —«Бавария»     1. Чемпиондар лигасы 1/4 финалының барлық бірінші кездесулеріне болжам жасаңыз. (Қарымта кездесулерге бөлек болжам жасаймыз.) 2. Болжам жасағанда, алдыңғы жолы пайдаланған E-mail әдірісіңізді пайдаланыңыз. Бұл енді басқалардың сіздің атыңызбен жол ортадан қосылып кетпеуі үшін. 3. Құрметті қатысушылар, болжамдарыңыз 2 сәуір сағат 00:45 те ойындар басталғанға дейін қабылданады. Ал одан кешіккендер есептелмейді. Қарсыласы жартылай финалға бірден жолдама алады. Қуанышхан ӨМІРХАН  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×