Ағылшын Примьер-Лигасы. Әуендеткен "Энфилд" сүйіктілері көш басында

31.03.2014, 05:47
Ағылшын Примьер-Лигасы. Әуендеткен "Энфилд" сүйіктілері көш басында
Бірінші айналымда, "Уайт Харт Лэйн" стадионында "Тоттенхэм" "Ливерпульдан" 0:5 есебімен ойсырағаннан кейін, қазіргі таңда  "Зенитти" баптайтын Андре Виллаш-Боаш өз орнынан қеткен болатын. Одан кейін айтарлықтай уақыт өтсе де, бүгінгі "Тоттенхэм", Андреның "Тоттенэмынан" алысқа ұзап кете қойған жоқ. Ойында тұрақтылық болмаған соң, нәтижеде де тұрақтылық жоқ. Керісінше "Ливерпуль" қарқыны мықты. Соңғы 8 матч бойы кілки жеңіс. "Қызылдардың" қатарынан тоғызыншы жеңісіне күмәнданатындар шамалы. Тіпті ірі есеппен жеңетініне де сенетіндер мол.    "Ливерпульдың" голы көп күттірген жоқ. Екінші минутта есеп ашты. Льористі өзге өкіндіргенше, өзім өкіндірейін деп шешкен Кабуль, Джонсонның пасын Суареске жеткізбей-ақ футбол снарядын қақпасында тулатты. Ойын "Ливерпуль" жазған сценариймен өрбіді. Бірақ, есепті еселеуге бағытталған шабуылдар өз нәтижесін берген жоқ. Тайм ортасында "шпорлар" үшін жағдай тіптен қиындады. Орталық қорғаушы Вертонген жарақат алып, орнына денсаулығы толықтай түзелмеген команда капитаны Доусон алаңға шықты. Осы кезде "Ливерпуль" есепті 2:0-ге жеткізді. Гол авторы-Суарес. Чемпионаттағы 29-шы голы уругвайлық сұрмергеннің. Үзіліске командалар осындай есепте кетті. Ойынды бірінші таймнан соң аяқтаса да болар еді. Бұл-"Тоттенхэм" үшін тиімді. "Тоттенхэмның" есепті теңестіреді дегенінен гөрі, "Ливерпуль" бірінші айналымдағы нәтижені қайталады дегенге сену, әлдеқайда заңдырақ еді. Екінші таймда да сол сценарий, "Тоттенхэмның" 2-3 шабуылы, "Ливерпульдың" 2 голы. Бұл жолы мергенділігімен танылғандар-Коутиньо мен Хендерсон. Екі гол да әдемі болды. Біріншісі айып алаң сыртынан жақын бұрышқа допты бағыттап, есепті ірілесе, екіншісі Хендерсонның айып соққысынан бағыттаған соққысы, қақпаның оң жақ бұрышынан табыла кетіп, матч нүктесі қойылды. Маусымда "Тоттенхэмды" "Ливерпуль" екінші рет жеңді. Екі ойынды қосқанда 9:0! "Ливерпульдің" ойынынан ләззәт аласын. Қандай тамаша ұжым жасақтады Брендан Роджерс. Алаңдағы ойыншылардың түсіністігі, допқа иеленгендегі сенімділіктері, бүге-шүгесіне дейін ойластырған шабуылдар, әдемі комбинациялар, бәрі-бәрі жоғары деңгейде. Нағыз чемпиондыққа лайық команда. Алаңда адамдар емес, роботтар ойнап жатқан секілді әсерде қаласын. Стадионның атмосферасы да керемет. Лық толы. Ал олар әнге салғанда, 45000 адам емес, стадионда миллион адам бар секілді сезіледі. Үлкен бір отбасы! Осы отбасыға қонаққа келетін, "қалалықтар" мен "ақсүйектер" қандай амалмен сағын сындарады екен? Қызық!
 

30 наурыз. Ливерпуль. Стадион "Энфилд". 44762 көрермен. Төреші - Фил Дауд (Стэффордшир).

ЛИВЕРПУЛЬ - ТОТТЕНХЭМ - 4:0 (2:0)
 Кабуль, 2 - өз қақпасына (1:0). Суарес, 25 (2:0). Коутиньо, 55 (3:0). Хендерсон, 75 (4:0).
Ливерпуль Тоттенхэм
 Симон Миньоле  Уго Льорис
 Глен Джонсон  Кайл Нотон
 Мартин Шкртел  Юнес Кабуль
 Даниэль Аггер  Ян Вертонген, 24
 Джон Флэнэган  Дэнни Роуз
 Стивен Джеррард, 70  Набиль Бенталеб, 60
 Джордан Хендерсон  Гюльфи Сигурдссон
 Филиппе Коутиньо, 63  Аарон Леннон, 59
 Рахим Стерлинг, 83  Насер Шадли
 Луис Суарес  Кристиан Эриксен
 Даниэль Старридж  Роберто Сольдадо
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Джо Аллен, 63  Майкл Доусон, 24
 Лукас, 70  Андрос Таунсенд, 59
 Виктор Мозес, 83  Мусса Дембеле, 60

Ескертулер:

   Юнес Кабуль, 33
   Гюльфи Сигурдссон, 46

 

"Ливерпульдың" көш бастауына сенбі күні "Челси" жақсы мүмкіндік туғызып берген болатын. Бір апта бұрын, "Арсеналды" тас-талқан еткен, Жозе шәкірттері қонақта "Кристал Пэласке" есе жіберді. Гол салған команда жеңіліп, гол салмаған команда жеңіп жататын кездер де болады футболда. Тура сол жағдай. Терри қарсылас қақпасына гол салу орнына, Чех қорғаған қақпаны нысанаға алды. Айтулы жеңістен кейін, сүреңсіз ойын көрсететін әдеті бар "Челсидің". Сол сүреңсіздінің нәтижесінде алтын тақтан сырғыды.
 

29 наурыз. Лондон. Стадион "Селхерст Парк". 25166 көрермен. Төреші - Ли Мэйсон (Бостон).

КРИСТАЛ ПЭЛАС - ЧЕЛСИ - 1:0 (0:0)
 Терри, 52 - өз қақпасына (1:0).
Кристал Пэлас Челси
 Хулиан Сперони  Петр Чех
 Адриан Марьяппа  Бранислав Иванович
 Скотт Данн  Гари Кэхилл
 Дэмьен Дилэйни  Джон Терри
 Джоэл Уорд  Сесар Аспиликуэта
 Кахишо Дикхачои  Давид Луис, 46
 Миле Единак  Неманья Матич
 Джейсон Панчон, 90+1  Фрэнк Лэмпард, 56
 Янник Боласи, 70  Андре Шюррле, 70
 Джо Ледли  Фернандо Торрес
 Камерон Джером, 88  Эден Азар
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Стюарт О'Киф, 70  Оскар, 46
 Гленн Мюррей, 88  Мохамед Салах, 56
 Джонатан Парр, 90+1  Демба Ба, 70

Ескертулер:

 Янник Боласи, 13  Джон Терри, 32
 Джейсон Панчон, 20  
 Скотт Данн, 76  
 Адриан Марьяппа, 90  

 

Орталық матч, Лондонда өтті. "Арсенал"-"Манчестер Сити". Ойын "қалалықтар" үшін сәтті басталып, есеп ашқантұғын. Эмерейтс қожайындарын ұршықша шыр айналдырған манчестерліктер, есеп ашқаннан кейін, бір апта бұрынғы "Челсиден" үлгі алмағаны өкінішті. "Арсеналға" бірінші голды салдын ба, одан кейін оны тығырыққа тіреу керек. Ал, "Манчестер Сити" бірінші голдан кейін, сылбырлық танытып, аяғында тең нәтижені қанағаттануға тура келді.
 

29 наурыз. Лондон. Стадион "Эмирейтс". 60060 көрермен. Төреші- Майк Дин (Хесволл).

АРСЕНАЛ - МАНЧЕСТЕР СИТИ - 1:1 (0:1)
 Давид Сильва, 18 (0:1). Фламини, 53 (1:1).
Арсенал Манчестер Сити
 Войцех Щесны  Джо Харт
 Бакари Санья  Пабло Сабалета
 Пер Мертесакер  Венсан Компани
 Томас Вермален  Мартин Демичелис
 Киран Гиббс  Гаэль Клиши
 Микель Артета  Фернандиньо
 Матье Фламини  Яя Туре
 Томаш Росицки  Хесус Навас, 64
 Санти Касорла  Давид Сильва
 Лукас Подольски, 79  Самир Насри, 81
 Оливье Жиру, 85  Эдин Джеко, 85
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Алекс Чемберлен, 79  Джеймс Милнер, 64
 Яя Саного, 85  Хави Гарсия, 81
   Альваро Негредо, 85

Ескертулер:

 Томаш Росицки, 42  Яя Туре, 31
   Венсан Компани, 33
   Давид Сильва, 45+1
   Хави Гарсия, 89

 

  Ағылшын Примьер-Лигасының, 32-ші турының қалған ойындарының нәтижелерімен таныс болыңыздар; Манчестер Юнайтед-Астон Вилла-4:1 Голдар: Вестфуд, 13 (0:1). Руни, 20 (1:1). Руни, 45 - пенальтиден (2:1). Мата, 57 (3:1). Эрнандес, 90+1 (4:1). Саутгемптон-Ньюкасл-4:0 Голдар: Родригес, 45+1 (1:0). Ламберт, 49 (2:0). Лаллана, 70 (3:0). Родригес, 89 (4:0). Сток Сити-Халл Сити-1:0 Гол: Одемевенгие, 62(1:0). Суонси-Норвич-3:0 Голдар: Де Гузмен, 30 (1:0). Де Гузмен, 38 (2:0). Раутледж, 75 (3:0). Вест Бромвич-Кардифф Сити-3:3 Голдар: Амальфитано, 2 (1:0). Дорранс, 9 (2:0). Мутч, 30 (2:1). Кокер, 73 (2:2). Тьеви, 90+4 (3:2). Дели, 90+5 (3:3). Фулхэм-Эвертон-1:3 Голдар: Стокдэйл, 50 - өз қақпасына (0:1). Дежага, 71 (1:1). Миральяс, 79 (1:2). Нейсмит, 87 (1:3).

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  ЛИВЕРПУЛЬ 32 22 5 5 88-39 71
2  ЧЕЛСИ 32 21 6 5 62-24 69
3  МАНЧЕСТЕР СИТИ 30 21 4 5 80-28 67
4  АРСЕНАЛ 32 19 7 6 56-37 64
5  ЭВЕРТОН 31 17 9 5 49-31 60
6  ТОТТЕНХЭМ 32 17 5 10 40-44 56
7  МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД 32 16 6 10 52-38 54
8  САУТГЕМПТОН 32 13 9 10 49-40 48
9  НЬЮКАСЛ 32 14 4 14 38-47 46
10  СТОК СИТИ 32 10 10 12 37-45 40
11  ВЕСТ ХЭМ 31 9 7 15 34-41 34
12  АСТОН ВИЛЛА 31 9 7 15 34-46 34
13  СУОНСИ 32 8 9 15 45-48 33
14  ХАЛЛ СИТИ 32 9 6 17 33-40 33
15  НОРВИЧ 32 8 8 16 26-51 32
16  КРИСТАЛ ПЭЛАС 31 9 4 18 20-39 31
17  ВЕСТ БРОМВИЧ 31 5 14 12 36-48 29
18  КАРДИФФ СИТИ 32 6 8 18 29-61 26
19  САНДЕРЛЕНД 29 6 7 16 27-46 25
20  ФУЛХЭМ 32 7 3 22 31-73 24

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×