Қазақстан Примьер-Лигасы. "Қайраттың" үшінші жеңілісі

30.03.2014, 07:47
Қазақстан Примьер-Лигасы. "Қайраттың" үшінші жеңілісі
фото - uefa.com Ел біріншілігінің 3-ші туры да көзді ашып-жұмғанша келіп жетті. Әзірше, кімнің мықты, кімнің осал, қай команда үмітті ақтап жүр деген сұрақтарға жауап алуға ерте. Маусымның басы, кейбір командалар ойынында қателіктер де көп, әзірге өз ойындарын таба қойған жоқ.  Ел чемпионы өз алаңында Примьер-Лиганың иісін енді сезе бастаған шығыстан келген "Спартакты" қабылдады. Семейліктер өткен турда "Ертіспен" тең түсіп, Примьер-Лигадағы алғашқы ұпайын еншілегентұғын. Бірақ, бүгін тіпті, бір ұпай қанжығаға байлау қиын. "Ақтөбе" матчтың сөзсіз фавориті. "Ақтөбе"-Ақтөбеде нағыз "Ақтөбе"! 17-ші минутта Гейнрихтің оңтайлы пасынан кейін, Игор Зенькович есеп ашса, екінші таймда Пиццелидің орнына шыққан Павел Шабалин есепті еселеді. Матч тағдырын осы голдан кейін толықтай шешкен ақтөбеліктер, Зеньковичтің тағы бір голынан кейін, маусымдағы алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді.  "Ақтөбе"-көш басында, семейліктер аутсайдерлер қатарында.
 

29 наурыз. Актобе. Стадион "ОДЮШОР №8". 5000 көрермен. Төреші- Александр Алиев (Алматы).

АКТӨБЕ - СПАРТАК - 3:0 (1:0)
 Зенькович, 17 (1:0). Шабалин, 47 (2:0). Зенькович, 58 (3:0).
Актобе Спартак
 Андрей Сидельников  Даниил Рихард
 Роберт Арзуманян  Ильяс Әмірсейтов
 Петр Бадло  Виктор Генев
 Юрий Логвиненко  Сергей Куцов
 Дмитрий Мирошниченко  Серікк Сагындыков
 Алексей Мулдаров  Максим Самченко
 Тимур Кападзе, 64  Станислав Ахметов, 40
 Валерий Коробкин  Даниэль Пеев
 Маркос Пиццелли, 46  Руслан Сахалбаев, 76
 Александр Гейнрих  Бауыржан ТҰрысбек, 63
 Игорь Зенькович, 70  Неманья Йованович
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Павел Шабалин, 46  Еркебұлан Нургалиев, 40
 Данило Неко, 64  Саво Ковачевич, 63
 Асхат Тағыберген, 70  Огнен Джелмич, 76

Ескертулер:

 Дмитрий Мирошниченко, 89  Серик Сагындыков, 34
   Ільяс Әмірсейітов, 59
   Максим Самченко, 64

 

Атыраудың "Атырауы", Павлодардың "Ертісіне" қонаққа барды. Батыстың командасының биылғы аяқ алысы жаман емес. Жаңа командадан бұндай маусым басындағы жетістіктерін күткендер аз болған шығар. Өзгелер, команданы жылдар бойы құра алмай жүрсе, атыраулықтар аз уақыт ішінде-ақ нәтиже шығарды. Маусым басындағы екі жеңіс. Екеуі де қонақта. Онымен қоса, тізе бүккен командалары осалдар қатарынан емес, "Қайрат" пен "Ертіс"! Екі жеңіс те, тақыр жерде туған жеңіс емес. Нәтижелі, заңды. Ең бастысы, командада түсіністік бар. Сол қуантады. Әрине, қазір тоң пішу қиын, бірақ "Атырау" маусым барысында осындай қарқынынан бәсеңдемес,  алар асуы алда.
 

29 наурыз. Павлодар. Стадион "Орталық". 4500 көрермен. Төреші - Игорь Чесноков (Өскемен).

ЕРТІС - АТЫРАУ - 0:1 (0:1)
 Трифунович, 12 (0:1).
Иртыш Атырау
 Вячеслав Котляр  Андрей Шабанов
 Якуб Хлебоун  Ренат Абдулин
 Миодраг Джудович  Михаил Афанасьев
 Антон Чичулин, 46  Марат Бутуев
 Арсланмурад Аманов, 60  Майкл Одибе
 Предраг Говедарица  Марко Блажич, 70
 Альмир Мухутдинов  Ги Стефан Эссаме
 Игор Бурзанович, 68  Андрей Карпович
 Григорий Сартаков  Филипп Рудик, 72
 Игорь Юрин  Савио Нсереко
 Ұлықбек Бакаев  Милош Трифунович, 74
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Захар Коробов, 46  Алексей Щеткин, 70
 Евгений Аверченко, 60  Евгений Коструб, 72
 Қуаныш Бегалин, 68  Сергей Гридин, 74

Ескертулер:

 Альмир Мухутдинов, 20  Филипп Рудик, 72
 Предраг Говедарица, 55  Евгений Коструб, 82
 Ұлықбек Бакаев, 88  

 

Жақында "Жетісу" қақпашысы Владимир Плотоников сұхбат беру кезіңде: "басшылық біздің алдымызға, алтылықтан ойып тұрып орын алуды мақсат етіп қойды, ал өзіміз ұжым ішінде чемпиондыққа таласуға бел будық"-деген болатын. Несі бар? Сөзінің жаны бар! Неге таласпақа? Команда ойыны жүріп тұр. Бүгін Қостанайда "Тоболдан" айласын асырды. Қатарынан екінші жеңісін тойлады. Бірінші турдағы Астанадағы тең нәтиже де кездейсоқтық емес. Плотоников та жақсы қақпашы. 3 ойында "Астана", "Қайрат", бүгінгі "Тобол" шабуылшылары да қақпасынан саңылау таба алмады.
 

29 наурыз. Затобольск. Стадион "Затоболец". 3000 көрермен. Төреші - Артем Кучин (Қарағанды).

ТОБОЛ - ЖЕТІСУ - 0:2 (0:1)
 Заречный, 45 (0:1). Шафф, 74 - пенальтиден (0:2).
Тобол Жетысу
 Александр Петухов  Владимир Плотников
 Нуртас Кургулин  Темірлан Әділханов
 Штепан Кучера  Арунас Климавичус
 Никола Тонев  Виктор Ковалев
 Виталий Волков  Тарас Данилюк, 86
 Рауль Джалилов, 53  Марко Джалович
 Нұрбол Жұмаскалиев  Константин Заречный, 90
 Огнен Красич  Марко Путинчанин
 Томаш Шимкович, 73  Денис Родионов
 Ненад Шливич, 53  Абылайхан Тотай
 Лукаш Гикиевич  Сергей Шафф, 85
ОЙын барысында алаңға шыққандар:
 Иржи Еслинек, 53  Мерсудин Ахметович, 85
 Рафкат Аслан, 53  Руслан Эсатов, 86
 Арслан Сатыбалдин, 73  Бейбіт Татішев, 90

Ескертулер:

 Штепан Кучера, 77  Темірлан Әділханов, 6
   Константин Заречный, 68
   Денис Родионов, 69
   Виктор Ковалев, 90+4
 Александр Петухов, 72(қыөыл қағаз)  

 

Турдағы ірі екі жеңістің біреуі Таразда тіркелді. "Ұлан" стадионында. Бір жағынан бұл күтпеген нәтиже. Әрине, фаворит "Шахтер" саналды, бірақ Арно Пайперс жігіттерінің дәрменсіздігі, қауқарсыздығы таң қалдырды. "Шахтердың" шабуылы жарады. Негізі, былтыр да мін болмаған бұл команданың шабуыл өтіне. Өткен турда "Атырау" қорғанысынан саңылау таба алмай сергелдеңге түскен Қонысбаев бастаған жігіттер бар заһарын "Тараз" қорғанысына шашқан секілді. Қарағандылықтар сапында Самолов дубль еншіледі.
 

29 наурыз. Тараз. Стадион "Ұлан". 3000 көрермен. Төреші - Болат Қарлыбаев (Орал).

ТАРАЗ - ШАХТЕР - 1:5 (0:2)
 Вичюс, 15 (0:1). Конысбаев, 44 (0:2). Саломов, 53 (0:3). Саломов, 68 (0:4). Финонченко, 70 (0:5). Рок, 80 (1:5).
Тараз Шахтер
 Рамиль Нурмухаметов  Александр Мокин
 Сигурни Бандьяр  Никола Василевич
 Илья Воротников  Сергей Малый
 Рой Рок  Андрей Порываев
 Сергей Скорых  Александр Симчевич
 Йован Голич, 89  Яго Фернандес
 Дмитрий Евстигнеев  Гедиминас Вичюс
 Бауыржан Байтана  Ұлан Қонысбаев, 73
 Эдуард Сергиенко, 60  Шафкат Саломов
 Корнелис Петрус Уббинк  Тоқтар Жанғылышбай, 66
 Ричард Байролет  Андрей Финонченко, 87
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Мурат Тілешев, 60  Роман Муртазаев, 66
 Тимур Досмағамбетов, 89  Станислав Лунин, 73
   Мақсат Байжанов, 87

Ескертулер:

 Ричард Байролет, 31  Андрей Порываев, 89
 Илья Воротников, 75  

 

"Қайсар" қайсарлығын Астанада 94-ші минутқа дейін танытты. Осы уақытқа дейін, оңтүстік команданың қорғанысы сыр бермеді. Жүйелі қорғана білді, араға біраз уақыт салып болса да азулы қарсы шабуылдады. Бірақ, Бабаянның ойыншы алмастыруы өз нәтижесін бере кеткені. Ойынға тыңнан қосылған Дамир Кояшевич 94-ші минутта пенальти еншілеп, өзі орындап "Астана-Аренаға" жиналған көрермендерге қуыныш сыйлады. Даулы пенальти төңірегіндегі дау, ойын біткен соң да жалғасты. Пенальти белгілегенін әділетсіз деп шешкен "Қайсар" ойыншысы, матчқа төрелік еткен тараздық Асхат Абданбаевпен жаға жыртысты. Мүмкін, пенальти әділ, мүмкін әділ емес. Бірақ, ойын басымдылығы "Астана" жағында болғаны анық.
 

29 наурыз. Астана. Стадион "Астана Арена". 3000 көрермен. Төреші - Асхат Абданбаев (Тараз).

АСТАНА - ҚАЙСАР - 1:0 (0:0)
 Кояшевич, 90+4 - пенальтиден (1:0).
Астана Кайсар
 Владимир Логиновский  Кирилл Прядкин
 Марин Аничич  Дамир Даутов
 Виктор Дмитренко  Мартин Кляйн
 Кайрат Нұрдәулетов  Мамуту Кулибали
 Игорь Пикалкин  Нуржарык Кунов
 Дмитрий Шомко, 46  Матич Марушко
 Фокси Кетевоама, 75  Антон Землянухин, 78
 Ренан Брессан, 57  Кирилл Шестаков
 Рохер Каньяс  Жасұлан Молдақараев, 65
 Танат Нөсербаев  Душан Савич, 73
 Сисеру  Сергей Струков
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Елдос Ахметов, 46  Сергей Мошников, 65
 Атанас Курдов, 57  Римо Хунт, 73
 Дамир Кояшевич, 75  Рахимжан Розыбакиев, 78

Ескертулер:

 Кайрат Нурдаулетов, 9  Мамуту Кулибали, 14
 Дмитрий Шомко, 30  Матич Марушко, 36
 Дамир Кояшевич, 90+4  Душан Савич, 63
   Антон Землянухин, 63
   Нуржарык Кунов, 90+2

 

"Қайратқа" не болды? Құдайым-ау, алматылықтар үміт артқан команда осы ма? Әрине, команданың ойының сүреңсіз деуге келмейді, бірақ жанкүйерлерге нәтиже де керек қой. Ең бастысы нәтиже емес пе? Орталық стадионға жиналған көрермендердің үмітін бүгін де ақтамады. Футболмен тыныстаған жандар арасында біз де болдық. Сүйікті командамызға жанкүйерлік танықттық, қолдадық. Ақырында, ұнжырғамыз түсіп қайтты. Қолдаудан басқа қолымыздан келер қауқар жоқ. Бүкіл матч бойы шабулылдаған "Қайрат", ойын аяғында гол жіберіп алып, есепті ашуға көп жұмсаған командамыз есепті теңестіруге күші қалмады. Қатарынан үшінші жеңілісі, бірде-бір гол салмады чемпионатта. Еншісінде ұпайы жоқ, көш соңында.

29 наурыз. Алматы. Стадион "Орталы0". 9500 көрермен. Төреші - Руслан Дұзмәмбетов (Өскемен).

ҚАЙРАТ - ОРДАБАСЫ - 0:1 (0:0)
 Юнузович, 84 (0:1).
Қайрат Ордабасы
 Давид Лория  Андрей Цветков
 Марк Гурман  Эндрю Мвесигва
 Александр Кислицын  Мухтар Мухтаров
 Жарко Маркович  Гафуржан Суюмбаев
 Заурбек Плиев  Фрейре
 Михаил Бакаев  Казбек Гетериев, 90+3
 Артур Едигарян, 83  Абдулай Диакате
 Бауыржан Исламхан, 78  Кайрат Әшірбеков, 72
 Самат Смаков  Евгений Левин
 Милош Лачны, 70  Мардан Төлебек, 46
 Момоду Сиссей  Эдин Юнузович
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Йосип Кнежевич, 70  Азат Нұрғалиев, 46
 Шерхан Бауыржан, 78  Артем Касьянов, 72
 Владислав Нехтий, 83  Пиралы Алиев, 90+3

Ескертулер:

 Артур Едигарян, 42  

 

 

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  АКТОБЕ 3 2 1 0 6-1 7
2  ЖЕТЫСУ 3 2 1 0 3-0 7
3  АТЫРАУ 3 2 1 0 2-0 7
4  АСТАНА 3 2 1 0 2-0 7
5  ШАХТЕР 3 1 1 1 6-3 4
6  ИРТЫШ 3 1 1 1 1-1 4
7  КАЙСАР 3 1 1 1 1-1 4
8  ТОБОЛ 3 1 1 1 2-3 4
9  ОРДАБАСЫ 3 1 0 2 1-2 3
10  СПАРТАК 3 0 1 2 1-5 1
11  ТАРАЗ 3 0 1 2 1-7 1
12  КАЙРАТ 3 0 0 3 0-3 0

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×