"Барса" Вальдеспен келісімді ұзатпақ

11.01.2013, 01:04
"Барса" Вальдеспен келісімді ұзатпақ

"Барселона" командасы өзінің негізгі қақпашысы Виктор Вальдеспен келісім-шартты одан әрі ұзартпақ. 30-жасар қақпашының қазіргі келісімі 2014-жылға дейін қарастырылған. Биылғы маусымда 23 кездесуде 24 гол жіберген қақпашыны жаттықтырушылар командада әлі де өнер көрсете тұруын қалауда. Дегенмен, бұл қақпашы "Барса" сапындағы ең осал позицияның өкілі. Көпшілік мамандардың пікірінше каталондықтарға жақсы бір қақпашы алған жөн болатындай. Өйткені Вальдеспен бірге бір шыққан кез-келген ойыншы 100 пайыздық көрсеткішпен гол соғады екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×