"Барселона" футболшысы "Эвертонға" ауысты

26.06.2015, 00:57
"Барселона" футболшысы "Эвертонға" ауысты
Жерар Деулофеу-енді "Эвертонға" тиесілі "Блауграна" мектебінің түлегі, 21 жасар Деулофеу 2013/2014 маусымда ағылшындық клуб сапында жалда ойнаған болатын. Биыл "Севилья" сапында ойнғанымен ливерпульдік клубтың бір маусым өткен соң сатып алуға құқығы бар еді. "Эвертон" сол мүмкіндікті пайдаланып, футболшымен 3 жылдық келісім-шартқа отырды. Трансфер құны-6 миллион еуро. "Блаугрананың" түлегі болып саналғанымен, Жерар негізгі комана сапында бар болғаны 2 ойын ғана өткізген. "Эвертонда" 23 ойында 3 мәрте, "Севилья" сапында 17 ойында 1 рет мергендігімен көзге түскен еді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×