Руни: "Команда тарихындағы екі жылды сызып тастау керек"

27.06.2015, 01:15
Руни: "Команда тарихындағы екі жылды сызып тастау керек"
"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Уэйн Руни команданың соңғы екі жылдағы көрсеткіштеріне көңілі толмайды Бапкерлік қызметтен Алекс Фергюсон кеткелі бері "қызыл сойқандар" бірде-бір турнирде топ жармады. Өткен маусымда ұзақ жылдардан бері Чемпиондар Лигасында да өнер көрсеткен жоқ. Премьер-Лигада әупірімдеп жүріп үздік төртікке енді. Алайда, тізгінді Әлем чемпионатында Голландияны қола жүлде жетелеген Луи Ван Гал ұстаса да команда ойыны қалыпқа келер емес. Команда капитаны Руни тағы бір маусымды жүлдесіз өткізуге болмайды деп санайды. "Манчестер Юнайтед" тарихындағы екі жылды сызып тастасақ та артық болмас. Англияның ең атақты, әрі мықты командасы бола тұра барлық жарыстардың жеңісінен құр қалдық. Келер маусымда АПЛ-дың алтының алып, жағдайды тұзеуге міндеттіміз. Біздің бапкер де осал маман емес. Әрбір шешіміне сенімді. 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×