"Реал Мадрид" назарыңдағы қорғаушылар

27.06.2015, 01:38
"Реал Мадрид" назарыңдағы қорғаушылар
Мадридтік клуб Рамосқа лайықты ізбасар іздеуге кіріскен секілді. Өткен аптада Серхио Рамос клуб ұсынған жаңа келісім-шарттан бас тартқан еді. Бұқаралық Ақпарат Құралдары тәжірбиелі қорғаушының Мадридтен кететінің жарыса жазуда. Ал, "Реал" мен Рамос әлі үнсіз. Енді "патшалық клуб" бірнеше қорғаушыларды басты назарға алды. Тізімде алғаш болып ілінген "Арсеналдың" орталық қорғаушысы-Лоран Косьельни.  2014/2015 маусымда Франция ұлттық құрамасының 29 жасар футболшысы "канонирлер" қорғанысың тірегі болған болатын. Сонымен қатар, "Реал Мадрид" сапында "Валенсияның" екі қорғаушысын көріп қалуымыз да мүмкін. Германия ұлттық құрамасының жас футболшысы Шкодран Мустафидің "жарғанаттар" сапындағы ойыны Рафа Бенитес көңілінен шыққан көрінеді. Өткен маусымда Мустафи "Валенсияда" 33 ойын өткізіп 4 гол салған. Ал, тағы бір орталық қорғаушы Отаменди 36 ойында қарсылас қақпасын 6 мәрте дәл көздеген. Футболшылардың бағасы, трансфердің құны жайлы әлі сөз болмауда.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×