«Барселона» өзінің тәрбиеленушісін қайтарғысы келеді

03.09.2021, 22:14
Футболшы қаңтар айында Испанияға қоныс аудармақ.
«Барселона» өзінің тәрбиеленушісін қайтарғысы келеді

"Барселона" "РБ Лейпциг" пен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Даниэль Ольмо келісім-шарт жасасу туралы бір мәмілеге келді, деп хабарлайды Mundo Deportivo. Испаниялық клуб жазғы трансферлік терезе кезінде ойыншыны қатарға қоса алмады, бірақ ойыншыға қызығушылық танытуда және қаңтар айында келісім-шартқа отыруы мүмкін. Бұл ауысымға Ольмоның өзі келісімін беріп қойды.

23 жастағы футболшы жаңа командасымен 5 жылдық келісім-шартқа отырады. Және жалақысын белгілі бір мөлшерде азайтатын болады.

Өткен маусымда Ольмо Германия чемпионатының 32 матчына қатысып, бес гол соқты, тоғыз голдық пас берді. Ольмо 2015 жылдан 2020 жылға дейін "Динамо Загреб" командасында ойнады. "Барселона" клубынан түлеп ұшқан футболшы Испания құрамасына 2019 жылдан бері шақыртылып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×