Миралем Пьянич: «Қазақстанға қарсы матч Франциямен болған ойынға қарағанда маңызды»

03.09.2021, 22:05
Пьянич бүгін командасын ауыстырды.
Миралем Пьянич: «Қазақстанға қарсы матч Франциямен болған ойынға қарағанда маңызды»

Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Миралем Пьянич Францияға қарсы ойынды (1:1) қорытындылады, сондай-ақ әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанмен болатын ойын жайлы пікірімен бөлісті.

- Біз әр ойындағыдай алаңға шығып, үш ұпай алуды ғана ойладық. Біз бірінші болып есеп аштық және өте жақсы ойнадық. Барлық жігіттерді құттықтаймын. Бізде мүмкіндіктер болды және біз әлем чемпиондарына қарсы ойында бір ұпайға лайық болдық. Біз келесі кездесулерде де осылай ойнауды жалғастыра беруіміз керек. Қазақстанға қарсы матч Франциямен болған ойынға қарағанда маңызды.

Біз кез келген қарсыласқа байыппен қарауымыз керек. Біздің команда шынымен де Қазақстанмен болатын ойында үш ұпай алғысы келеді және біз мұны алғашқы минуттардан бастап көрсетуіміз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×