Бауыржан Байтана мансабын басқа командада жалғастыруы мүмкін

14.01.2022, 17:16
Футболшының қай клубқа ауысуы мүмкін екені белгілі болды.
Бауыржан Байтана мансабын басқа командада жалғастыруы мүмкін

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Тараздың» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана «Қайратқа» ауысуы мүмкін.

Жамбылдық команданың 29 жастағы көшбасшысы өткен маусымды керемет өткізіп, Қазақстан құрамасына оралды және ҚПЛ клубтарынан бірқатар ұсыныстар түсті. Бірақ Байтан Тараздан кеткісі келмейді. Десе де, «Қайратқа» ауысу нұсқасын қарастыруға дайын.

Бұл трансферге қаржылық мәселе кедергі болуы мүмкін. Алматылықтар жаңа жылдан бастап жалақының шектік мөлшерін белгіледі, ал Байтананяң агенті ұсынысты жақсартуды сұрап отыр. Егер тараптар мәмілеге келсе, жартылай қорғаушы Құрбан Бердыевтің командасына ауысуға дайын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×