«Қайрат» футбол клубында кадрлық өзгерістер орын алды

14.01.2022, 19:19
Мәскеулік «Қайраттың» бапкері ауысты
«Қайрат» футбол клубында кадрлық өзгерістер орын алды

Алматылық клуб өз кадрларын дамыту дамыту үшін бірқатар өзгерістер жасады.

Артем Гавриленко «Қайрат» ФК академиясының директоры болып тағайындалды.

Гавриленко футболдағы мансабын 2001 жылы өскемендік «Восток» клубында бастады. 11 жыл бойы Қазақстан Премьер-лигасы мен Бірінші лигада өнер көрсеткен Артем Анатольевич бапкерлік мансабын бастады. 2014-2016 жылдар аралығында «Қайрат» ФК Академиясының филиалында жұмыс істеді. Кейін Академияның 2003 және 2005 жылғы жастарымен түрлі жергілікті және халықаралық турнирлердің жеңімпазы және чемпионы атанды. 15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының көмекшісі ретінде Ереванда өткен УЕФА даму кубогінің чемпионы атанды.

Футболдан Ресейдің екінші дивизионында өнер көрсететін «Қайрат-Мәскеу» командасының бас бапкері болып Кирилл Кекер тағайындалды.

Кирилл Кекер – «Қайрат» Академиясындағы табысты жаттықтырушылардың бірі. 2017 жылғы маусымда Кекер шәкірттері бір жас үлкен қарсыластармен ойнап, Қазақстан чемпионатында (2002 жылғы жасөспірімдер арасында) алтын медаль жеңіп алды, Валенсияда өткен халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды. және Сергей Квочкин турнирінде Кубокті жеңіп алды. 2019 жылдан 2020 жылға дейін Кирилл Сергеевич негізгі командада Алексей Шпилевскийдің көмекшісі болды және чемпион атанды. 2021 жылы Алексей Шпилевский кеткеннен кейін ол негізгі команданың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ал Евгений Коструб жаңа маусымда негізгі команданың жаттықтырушылар штабына келеді.

Евгений Валерьевич өзінің мансабының көп бөлігін Қазақстан жоғарғы лигасының клубтарында өткізді. 2009 жылы Қазақстан кубогының иегері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×