Бауыржан Тұрысбек украиналық клубта қаралымнан өтуде

25.08.2021, 15:03
Бауыржан мамыр айынан бері клубсыз жүр.
Бауыржан Тұрысбек украиналық клубта қаралымнан өтуде

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек мансабын Украина чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sports.ru сайты.

Дереккөздің хабарлауынша, 29 жастағы шабуылшы украиналық «Ингулец» клубында қаралымнан өтуде. Бұған дейін клуб президенті Александр Поворознюк Қазақстан құрамасының ойыншысын командасында жүргенін айтқан болатын. Алайда ол футболшының есімін атамады.

Қазіргі уақытта «Ингулец» Украина чемпионатының турнирлік кестесінде соңғы орында тұр, команда төрт турда небәрі бір ғана ұпай жинаған.

Естеріңізге сала кетейік, Тұрысбек маусымды «Жетісуда» бастады. Талдықорғандық клубтың құрамында сегіз кездесу өткізіп, екі гол соқты. Бірақ мамыр айында командадан кетуге мәжбүр болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×