"Баварияның" ащы жеңілісі. "Камп Ноу"-дан фотошолу.

08.05.2015, 03:40
"Баварияның" ащы жеңілісі. "Камп Ноу"-дан фотошолу.
Обзор матча Барселона - Бавария (3:0) Кешегі ойын алдында Пеп Гвардиола: "Маған "Барселонаның" осал тұстарын жақсы білесің дейсіздер. Иә, менің Барселонаны жақсы білетінім өтірік емес. Мойындаймын. Бірақ, мен Католонияда 30 жылымды өткіздім. Төрт жыл команданың тізгінін ұстадым. Енді ойланып көріңіз... Мен олар үшін толықтай зерттелген адаммын"-деген еді. Испан маманың осы бір сөзі дәл келді. Пеп "Барсаның" осал тұсынан ұрады деп жүргенде, керісінше "блауграна" алдын орап кетті. Обзор матча Барселона - Бавария (3:0) Екі дос Берлинде кездесеміз деп келіскен екен. Бірақ, соқыр жеребе екеуінің жолын Германияда емес, Католонияда түйістірді. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Екі команда да алғашқы минуттардан шабуылдауға ұмтылды. "Бавария" шабуылдары Тер Штеген қақпасына жетпей-ақ сөніп жатса, алаң иелерінің шабуылдары Нойерді жиі-жиі мазалады. Әсіресе, Суарес белсенді болды. Ал, Нойердің бұнысына таң қалуыдың қажеті жоқ. Еркіндік берсе қақпаны тастап шабуылға шығуға дайын. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Мессидің Бавария жартылай қорғаушыларын қапыда қалдырған сәті. Қазірге жартылай қорғаушыларды... ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Туған күніңде сұсты қарсыласқа қарсы маусымдағы үздік ойынының бірін өткізді. Бұдан артық сый бар ма? Дани Алвес бастаған "Барса" қорғанысы сыр бермеді. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Шабуылдағы Мюллерге де, Левандовскийге де қиынға соқты. Жартылай қорғаныс тарапынан демеу болған жоқ. "Барсаның" триосын қалай тоқтатамыз дегенмен әуре. "Бавария" бүкіл матч бойына бірде-бір тура соққы бағыттамады. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Ракитич те үздік ойын өткізді. Жартылай қорғанысты тас-қамал етті. Ойын соңына қарай неміс футболшылары өз жарты алаңынан шыға алмай тұншыққан еді. Ол-осы хорваттың арқасы. Әрі, Мессиге берген нәтижелі пасы бар. Маусым аяғында Хави алаңдамай, мұхит асып кете берсе болады. Артында өзінен кем түспейтін ізбасары бар.  ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Сыйлы қонақ. Бразилиядағы Әлем чемпионытының финалында ойнаған футболшылардың тоғызы кеше "Камп Ноу" алаңында өнер көрсетті. Бір команданың жаттықтырушысы да осында. Бірақ, Бразилия секілді Испания Лев үшін сәтті бола қойған жоқ. Әрине, Әлем чемпионатының финалы мен Чемпиондар Лигасының жартылай финалын салыстыруға келмес. Дегенмен, Месси кеше немістердің ұнжырғасын түсірді.  ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Міне, енді қорғаушылар мен қақпашыны... Жарайсың, Месси! ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Гвардиола: "Бірде-бір адам Мессиді қалай тоқтату керектігін дәл айта алмайды". Неткен көрегендік! Пеп бұл жолы да қателеспеді. Месси матч тағдырын шешті. "Манчестер Сити" мен "ПСЖ"-ға қарсы неге үнсіздік танытты десек.. Оғын "Баварияға" сақтапты. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Обзор матча Барселона - Бавария (3:0) Неймардан мастер-класс. Шебер футболшы Суареске, Нойерден қалай айла асыру керектігін көрсетіп берді. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- "Барселона"-"Шахтер" да, "Порту" да емес. Католондықтар бұндай басымдылықтан айырылып қала қоймас. Дегенмен, әліптің артың бағайық. Мюнхенде тамаша ойын күтіп тұр.    Фараби ӘБДІХАЛЫҚ    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×