"Бенфика" өз алаңында тас-талқан болды

26.10.2015, 06:29
"Бенфика" өз алаңында тас-талқан болды
Чемпиондар Лигасының тобындағы "Астана" қарсыластарының бірінің қақпасына "Спортинг" бір таймда жауапсыз үш гол соқты. Португалия чемпионатының 7-ші турының орталық ойыны "Спортинг" пен "Бенфика" арасындағы матч болатын. Бұл ойынның барысы да, нәтижесі де жанкүйерлер үшін таңданыс туғызды. "Эштадиу да  Луж" стадионында қасық қаны қалғанша шайқасатын "Бенфика", чемпионаттағы басты қарсыласының бірі "Спортингк"е 0:3 есебімен есе жіберді. Осы жеңілістен кейін Руй Витория командасы сегізінші орынға түсіп кетті. "Спортинг" болса жеке-дара бірінші орынды иемендіп тұр. Португалия чемпионаты. 8-ші тур. "Бенфика"-"Спортинг" 0:3(0:3) Голдар: Гутьеррос,9(0:1). Слимани, 21(0:2). Руис, 36(0:3)    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×