"Галатасарай" Еуропадағы тағы бір дербиде тең түсті

26.10.2015, 05:23
"Галатасарай" Еуропадағы тағы бір дербиде тең түсті
Қазақстанда қос астана дербиі, Англияда Манчестер дербиі, ал Түркияда Стамбул дербиі. Чемпиондар Лигасында ел намысын қорғап жүрген "Астананың" топтық кезеңдегі қарсыластарының бірі "Галатасарай", Түркия Супер-Лигасының 9-шы турында "Фенербахчемен" ұпай бөлісті. "Фенарбахчені" бірінші таймның 37-ші минутында әйгілі жартылайқорғаушы Диего алға шығарғанымен, екінші тайм барысында алаңға тыңнан қосылған Олджан Адиннің голы "Галатасарайды" жеңілістен аман алып қалды. 9-шы турдан кейін "Галатасарай" дәл осы "Фенербахчемен" екінші орынды бөлісіп тұр.  Ал, көштің басында-"Бешикташ". Айта кетейік, "Астана" мен "Галатасарай" арасындағы топтық кезеңдегі екінші кездесу 8-ші желтоқсан күні Стамбулдың "Али Сами Йен" стадионында өтеді. "Астана-Аренадағы" алғашқы кездесу 2:2 есебімен аяқталған еді. Түркия Супер-Лигасы. 9-шы тур. "Фенербахче"-"Галатасарай" 1:1(1:0) Голдар: Диего, 37(1:0). Адин, 84(1:1)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×