Бенитес келді - бақ келді!

10.12.2012, 19:57
Бенитес келді - бақ келді!
Ағылшын пример лигасының 16-турында “Челси” сырт алаңда “Сандерлендтті” 3:1 есебімен жеңді. Чемпиондар лигасындағы сәтсіздіктен кейін “Ақсүйектер” ішкі чемпионатқа басты күшті жұмсайтыны онсыз да белгілі. Бұл тұрғыда олар тіпті Роберто Ди Маттеоны да қызметінен қуған болатын. Ал осы орынға лайық деп танылған Рафаель Бенитес қызу іске кіріскені көрініп тұр. Бір кездері “Ливерпульді” өрге сүйреген маман қазірде өзінің басты шәкірті Фернандо Торреспен ескі байланысты жаңартқанын ойын өрнегінен аңғару қыйын емес. “Сандерлендпен” өткен матчтан кейін сөз алған Бенитес Торреске көп мүмкіндік беретінін жасырмады. Сондай-ақ жаттығы барысындағы бірнеше құпиясымен бөлісті. Енді испандық жаттықтырушы өз тәлімгерлерін физикалық ауыр жаттығулардан қарағанда жеңіл, әрі тиімді әдіске көшкенін айтты. Бірінші кезекте ойыншылардың бойында жеңіске деген құштарлықты оята білетін Бенитес “Челсимен” әлі талай асуды бағындыратынын жеткізді. Енді олар келесі айналымда “Саундгемптонмен” кездеспек. 16-шы турдың өзге матчтары төменде.   Арсенал                2:0    Вест Бромвич   Астон Вилла        0:0    Сток Сити   Саутгемптон       1:0      Рединг   Сандерленд         1:3     Челси   Суонси                 3:4     Норвич   Уиган                   2:2     КПР Манчестер Сити  2:3   Манчестер Юнайтед   Эвертон               2:1     Тоттенхэм   ВЕСТ ХЭМ         2:3    Ливерпуль   Фулхэм : Ньюкасл –    Бұл кездесу бүгін ойналады.    

Елдос Сапарғали

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Теңдесіз Месси
Келесі жаңалық
Сызба
Серіктес жаңалықтары
×