Теңдесіз Месси

10.12.2012, 18:46
Теңдесіз Месси
 

Каталодық “Барселона” шабуылшысы Лионель Месси кез келген футболшының қол жетпес белесіне айналған Герд Мюллердің рекордына түзету енгізді. 1972-ші жылы неміс ойыншысы “Бавария” және ұлттық құрама сапында 85 доп тоғытқан болатын. Қазіргі уақытқа дейін қаймағы бұзылмаған бұл рекордтты Месси “Бетиске” қарсы матчта орнатты. Ішкі чемпионатта табысты өнер көрсетіп жүрген аргентиналық осы жылы 86 доп соққан. Футболшының өзі қалған турларда да гол соғуға тырысатынын жеткізді. Естеріңізге сала кетсек Месси 2009, 2010 және 2011 ші жылдары әлемнің үздік футболшысы болып танылған болатын. Талантты ойыншы биыл да үздік үштікке ілінді.

Мюллердің рекордын жаңартқаннан кейін оның төртінші мәрте үздік атануы ғажап емес.

Елдос Сапарғали
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×