Беранек орнынан неге кетті?

05.05.2011, 20:05
Беранек орнынан неге кетті?
2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты басталуға жақын, шілденің шіліңгірінде ұмытпасам. Әупірімдеп жүріп, ұлттық құраманы әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне алып шыққанмын. Бас бапкерлік жұмысым жемісін беріп, тарихта болмаған жағдайдың қаһарманына айналыппын. Алғашында, бәрі таңғалып, тапырлап талып қала жаздаған. “Айналайын-ау сен, журналист болам деп жүруші едің…футболға қатысың бар ма еді өзі…аа?” деп аузын ашқандарға  сан жете қоймас. Содан мен жеке-жеке жауап беретін уақытым жоқ деп, ФИФА-ның штаб пәтерінде баспасөз маслихатын өткіздім. Маңғазданып тұрып,мәлімдеме жасадым: “Енді бұл ә дегеннен іске асып кеткен шаруа емес.Талай түндерді ұйқысыз өткізіп,ел футболының болашағына алаңдағаннан кейінгі қадам. Бұл ойымды ҚФО-да қабыл алып, керемет идеяларымды естігеннен кейін, бас бапкерлік билікті сеніп тапсырып отыр. Құрамамен бірнеше бағытта жұмыс істеу нәтижесінде команда әлем чемпионатына қатысқалы отыр. Жастайымнан футболға деген қызығушылық, жіті талдамасам да кей дүниелерін көңілге түйіп жүретінім бар, құрама бойында ұлттық болмыстың болу керектігін басты бағыт ретінде ала отырып, команданы дайындауға кірісіп кеткен болатынмын. Жасымның кішілігіне қарамай,ойыншылармен тіл табысып кеттік, соңын өздеріңіз білесіздер Голландиямен болған тең ойыннан кейін, біз осында жолдама алдық.Алдағы ойын жайлы әзірге ештеңе айта алмаймын”. Сары шашты, шошаңдақ неміс журналист орнынан ытқып тұрып, сұрақ қойды: - Команданы қалай жасақтадыңыз?Аса ерекшелік жоқ сияқты? “Иә,рас. Сәл-пәл өзгеріс болмаса, қалғаны бұрынғы құрамның ойыншылары.Дегенмен оларға тікелей көмекші ретінде қосалқы құрам едәуір жаңартылған” дедім мен. Джордон атты ағылшын журналисі де микрофонын жалаңдатып,алдыма жетіп келді: -  Беранек қалай жұмыс істеді деп ойлайсыз?Өзіңізді артықпын деп санайсыз ба? “ Артықпын деп айта алмаймын, дегенмен осыған дейін ешбір бапкер жетпеген жетістікті орындағаныма,Беранекте, басқасы да дау айта алмайтын шығар. Ол да өз деңгейінде құрамаға футбол үйрете білді” деп қайырдым. Бразилиядан тәлім терген балғындардың жасы 19-20 ға таяп қалғандықтан, ішінде құрама сапында доп тебуге лайық дегендерін таңдап алғанмын. Құрама жиындарын жиі өткізіп, ойыншылардың физикалық дайындығы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жоғарылады. Тиісінше футболшылармен жеке-жеке жұмыс істейтін психологтар да іске тартылды. Әр ойын алдында, қазы жеп, қымыз ішуді де әдетке айналдырдық. Тағы бір қойған талабым – әнұранды жатқа білмейтін ойыншы, мың жерден мықты ойнаса да командаға қабылданбайды. Бүкіл команда бірігіп жүріп, Жұмасқалиев пен Остапенко үшін жұмыс жасайды. Мүмкіндігінше,голды осы екеуі соғуы тиіс. Баспасөз маслихаты аяқталар тұста, шетелдік бір тілші, камерасы мен микрофонын ұсынып,қалың адамның ішінен қарбаласып, маған жетпек болып еді, топырлап жүрген жорналшылар оған мүмкіндік бере қойған жоқ. Сұрағы қызықты боп көрінді ме, ол жете алмай, мен асығып, ФИФА-ның ұзын баспалдағы арқылы, екінші этаждан біріншіге секіріп түскенім сол еді, басым дыың деп, ауырып кеткені. Енді бір аунасам,краваттан жерге құлауғасәл ақ қалып тұр екем. Ооо құдірет, жаңағы ойын басталатын шығар деп ойладым да,әуелі қайда жатқанымды анықтап алайын деп жан-жағыма қарасам, сол өзімнің 403-ші бөлмем екен. Туһ десейш адам түсінде не көрмейді десе де, осы жолы ойлап жүргенімді көріппін:) Қазақстан ұлттық құрамасы үнемі ұтылып, командаларымыз Еуролигада еңсесін тіктей алмаған сайын бас бапкер болғым келіп кетеді. Арман десейш,иә:). Күшті емес пе? Алаңның шетінде ең болмағанда шашыңды өлтіріп гелдеп алып Шторк сияқты қасқаеееп тұрсам да нем кетед дейм да. Қанша фотоаппарат,қаншам камера түсіріп жатады:)Рас айтам. Болсам, біраз нәрсені өзгертуші едім. Шторк дегеннен шығады, әрине, командаға еш өзгеріс не жарыған жеңіс алып келген жоқ ол. Шапан жауып, “жолың болсын,айналайын” деп шығарып салған неміс маманын жастар ма, әлде балалар футболына ма басқарушы етіп қайта сайлап қойыпты деп естідім. Ал мына дүниеге, Шторктың тікелей ықпалы болды ма, болмады ма (Бернд мырзамен араласпағасын білмеймін),әйтеуір Жамбыл Көкеев пен Таңат Нөсербаевтың құрама сапында жарқылдағаны осы көкеміздің тұсында. Англиядағы матч ешкімнің есінен кетпесі анық. Ағылшын қақпасына доп соққан Көкеев кейін де керемет ойынымен көзге түсіп жүр. Кеше ғана Германияда қалай ойнады, әлсін-әлсін қорғаушылар қамалын бұзып өтіп. Оған Мақсат Байжанов көмектесті. Капитан болып Қайрат жүр. Аяғына доп тие қоймады демесеңіз Жұмасқалиев те шықты алаңға. Негізі қазақтардың қарасы көбейді. Қаһарына енді мінбесе, сол ойында Беранекте керемет тактика қоя алған жоқ. Тактика қоймақ түгілі, біздің футболшылардың 90 минутқа дейін бастарын алып жүргенінің өзі “тактика” ғой түсінген адамға:)Содан негізгі ойыма қайтып оралайын, мен болсам нестеуші едім? Қоой,олай ойламаңыз, бас бапкер болып кетсем, мұрныңызға обал болады:)Қарапайым қақпашының баласы Мауриньо қалай гүлдендірді, тізгінін ұстаған командаларды. Дәл қазіргі таңда бізде Давид Лориядан артық қақпашы жоқ. Сондықтан, Сидельниковты немесе Мокинді негізгі құрамға кіргізудің қажеттілігі шамалы. Сосын әлемдік футболда қазірдің өзінде 91,90 жылдың тумалары асыр салып жүргенін ескерер болсақ, таланттарды жастар жақтан іздеген жөн сыңайлы. Себебі жасы келіп, ақсақалға айналғандарды құрметтеп “төрге шығарғанымызбен” көріп жатқан жетістігіміз шамалы. 40-қа жақындаса да гол соғудан жалықпайтын жұрттың бәрі Гигз емес. Қазіргі ұлттық құрамада Самат Смақовқа жететін тасқамал ойыншылар аз. Айтпақшы, менімше құрамаға бұрындары біраз ойнаған Мұрат Сүймағамбетовті және Тілешовты да алудың аса зияны бола қоймас. Тиісінше,сырттан келген Гетериевтің де ойын өрнегі ерекше болмаса да, біздегілерге қарағанда тәуірлеу. Астанада Германияға қарсы ойында Шмитдгаль да командаға кәдімгідей көмек көрсете алатындығын дәлелдеді. Бразилия футболшыларын өздеріне алып, тәп-тәуір доп теуіп жүрген Әзірбайжандарда тірі мысал бұл сөзімізге. Көкеев пен Нұрғалиевте құрамадағы болашағы зор ойыншылардың қатарында. Шабуылда Остапенко мен Жұмасқалиев бірігіп атой сала алса,шіркін. Екінші нұсқа – кейде, біздің ұлттық құрамамыздан жастар құрамасы жақсы ойнайды. “Былғары доптан” тәлім алып шыққандарға және Бразиялиядан біраз нәрсе үйреніп келгендерге иек артқан жөн сияқты. Әрине, оларды бірден негізгі құрамда алаңға шығара алмаймын…. деп армандарымды ары қарай тізбелеу беруі ме болар еді. Бірақ, болмайды. Алдымен болайын, қалған жоспарды сосын айтамын. Біразын, түсімде айтып та қойыппын ғой:)Айналып келгенде – әлем чемпионатына қатысса деген арманнан туындаған дүние ғой бұл да.

Абай Аймағанбетов

http://kazbekuly.wordpress.com/

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×