"Манчестер Юнайтед"-"Барселона"

05.05.2011, 19:11
"Манчестер Юнайтед"-"Барселона"
2010/2011 жылғы чемпиондар лигасының ақтық айқасына ағылшындық "Манчестер Юнайтед" пен испандық «Барселона» клубтары жолдама алды . Естеріңізде болса дәл осы қос ұжымның жолдары тура 2 жыл бұрын Рим қаласында өткен финалдық ойында түйіскен болатын . «Барселона» бабында болып тоқсан минутқа созылған тартысты кездесуде басым түскенін де білесіздер . Әлемнің теңдесіз ойыншылары Месси мен Криштиану кездесіп аргентиналықтың айдарынан жел ескен . Жас тарлан Гвардиола кәрі қасқыр Фергюсоннан айласын асырған . Сол кеткен қарымтаны қайтаратын тамаша мүмкіндік туды тұманды альбиондықтарға. Финалдық ойын 28 мамыр күні Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді. Естеріңізге сала кетейік "Манчестер Юнайтед" жартылай финалда неміс командасы "Шалькені" , «Барселона» бітіспес қарсыласы «Реалды» қапыда қалдырды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×