Ермек Көкетов «Қайсардың» «көкесі»

05.05.2011, 17:14
Ермек Көкетов «Қайсардың» «көкесі»
Футболдан Қызылорданың «Қайсар» клубының бастығы Алаш Өтеуішев отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кетті. Енді бұл жұмысты 29 жастағы белгілі балуан Ермек Көкетов жалғастырады. А.Өтеуішев 2009 жылы жергілікті ұжымның тізгінін ұстаған. Өткен жылы «Қай­сар» бірінші топта доп тепті. Екінші орын алып, премьер-лигаға қайта оралды. Алай­да команданың биылғы ойын өрнегі өте сүреңсіз. Тоғыз турдан кейін небәрі бес-ақ ұпай жинады. Турнир кестесінде ең соң­ғы орында тұр. Сол себепті команданың бұ­рынғы басшысының қызметтен кетуі тү­сінікті жағдай екені белгілі. Қызылордалық жанкүйерлер Е.Кө­ке­товті грек-рим күресінің шебері болғанын ұмы­та қойған жоқ. Ол – аталмыш күрес түрінен халықаралық дәрежедегі спорт ше­бері. 2005 жылы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Үш жыл бұрын Азия чемпионатында осындай табыс биі­гінен көрінді. Ол 1982 жылы 8 маусымда Сыр өңірінің Жаңақорған ауданында дү­ние­ге келген. Бұған дейін еліміздің бокс фе­дерациясында менеджер қызметін ат­қарды. Бұрынғы балуан, бұған дейін бокс сала­сында жұмыс жасаған Ермек енді «Қайсарды» өрге сүйрей ала ма? Жергілікті жанкүйерлерді ең алдымен ұжымның тағдыры ойландырып тұр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×