Бірінші Әлем Кубогі!

25.04.2020, 18:56
Алғашқы постқа алғашқы біріншілікті арқау еттім!
Бірінші Әлем Кубогі!

Алғашқы пост...

Ең бірінші постым болғасын,алғашқы Әлем Чемпионатын алуды жөн көрдім.

1924 және 1928 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанғандықтан Уругвайды тұңғыш әлем чемпионатын өткізуші ел қылып сайлады. Алғашында әлем чемпионатын өткізуге 5 ел үміткер болды - Италия, Испания, Нидерланд, Швеция және Уругвай. Көбі Уругвайға дауыс берді. Алайда Уругвайда өтетін әлем чемпионатына бару үшін Еуропа елдеріне қиынға соқты. Турнирдің басталуына 2 ай қалғанда ешбір Еуропа елі өз құрамасын Уругвайға жіберуді жоспарлаған жоқ. Ақыры тұңғыш әлем чемпионатына Еуропадан тек 4 ел қатысатын болды (Франция, Бельгия, Румыния, Югославия). Барлығы әлем чемпионатына Оңтүстік Америкадан - 7, Еуропадан - 4, Солтүстік Америкадан - 4, барлығы - 13 құрама қатысты. Бұл әлем чемпионатының тарихындағы ең аз команда қатысқан жыл болып (1950 жылғы әлем чемпионатынада 13 құрама қатысты), және іріктеу кезеңдері өткізілмеген жалғыз әлем чемпионаты болып табылады.

13 құрама 4 топқа бөлінді. Топ жеңімпаздары жартылай финалға жолдама алды.

Әлем чемпионатының алғашқы ойындарында Франция мен АҚШ жеңіске жетті.

Әлем чемпионатының алғашқы голын француз Люсьен Лоран соқты, бірінші хет-трикті америкалық Берт Патеноуд жасады.

Финалда екі Оңтүстік Америкалық құрамалар Уругвай мен Аргентина құрамалары кездесті. 93 мың жанкүйер Монтевидео қаласындағы «Сентенарио» стадионына жиналды. Уругвай құрамасы Аргентина футболшыларын 4:2 есебін жеңіп тұңғыш әлем чемпионы атанды.

Мағжан Жұмабаев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×