Биылғы Қазақстан біріншілігінде 192 ойынның 104-інде алаң иелері жеңіске жетіп, 42 кездесу тең аяқталған. Сол ойындардың 18-і 0:0 және 1:1есебімен аяқталса, бес рет 2:2, бір рет 3:3 нәтижесі тіркелген. 46 кездесуде қонақтар жеңіске жеткен. Біріншілік бойы барлығы 485 гол соғылған. Оның 305-ін алаң иелері соқса, 180 голды қонақтар ұрған.
Біріншілік матчтарын барлығы 740 400 жанкүйер тамашалаған. Соның ішінде ең көп жанкүйер келген туры болып 17-тур саналады (33 750 жанкүйер). Бір кездесуде ең көп жанкүйер жинаған кездесу ретінде «Шахтер» - «Астана» арасындағы ойынды айтуға болады. Қарағандыдағы кездесуге 18 900 көрермен келген. Ал ең аз көрермен жинаған ойын ол «Восток» пен «Тобыл» арасындағы матч (500 көрермен).
КПЛ-ға тиімді ставкалар мен арнайы акцияларды FONBET ұсынады – Қазақстандағы ең үздік VIP-бағдарламасы бар букмекер. Жаңа клиенттерге осы сілтемемен, ALADOP промокоды арқылы тіркелгенде, FONBET алғашқы шотты толықтырғаны үшін 200 000 теңгеге дейін бонус береді: http://www.fonbet.kz/s/21Xe9a