Биыл «Алтын доп» ешкімге берілмейді

20.07.2020, 23:40
Левандовскидің жанкүйерлері қатты ренжитін болды.
Биыл «Алтын доп» ешкімге берілмейді

France Football өзінің веб-сайтында «Алтын допты» 2020 жылдың соңында бермеу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Сонымен қатар ең үздік қақпашы, ең үздік жас ойыншы және ең үздік футболшы деген марапаттар да иесіз қалады.

Бұл қадамның басты себептері - марапатты ұйымдастырушылардың пікірінше, коронавирустық пандемияға байланысты биылғы жылды бұрынғы жылмен салыстыру мүмкін емес, өйткені кейбір елдерде маусым мерзімінен бұрын аяқталып қалды.

Сонымен қатар, басты мәселе "Алтын доп" иегерін анықтайтын журналистерде жатыр. Олардың кейбіреулері жылдың ең жақсы футболшысын таңдағаннан гөрі, пандемия кезіндегі жеке мәселелеріне назар аударуы мүмкін.

Осылайша, "Алтын доптың" иесіз қалуы 1956 жылдан бері болып жатқан алғашқы жағдай

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×