Біздің топтағы екі ойын

31.03.2011, 17:14
Біздің топтағы екі ойын
Астана уақытымен сейсенбіден сәрсенбіге ауған түні 2012 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясында бірнеше ойын өтті. Сол матчтардың екеуінде Қазақстан құрамасы бақ сынайтын «А» тобындағы елдердің футболшылары кездесті. Түркия тарландары өз алаңында Австрия құрамасын қабылдап, 2:0 есебімен тізе бүктірді. Ал Бельгия аяқдопшылары Брюссельде Әзірбайжан футболшыларын 4:1 есебімен ойсырата ұтты. Бельгия – Әзірбайжан – 4:1 Голдар: Вертонген, 12. Симонс, 32-пенальтиден. Шадли, 45+1. Воссен, 74 – Абушов, 16. Түркия – Австрия – 2:0 Голдар: Арда Туран, 28. Гекхан Генюл, 78. Майерхофер (А) 85-минутта пенальти соға алмады. Автор: Айқын ЖАППАР
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×