Шегінгеннен чемпион шыға ма?

31.03.2011, 17:20
Шегінгеннен чемпион шыға ма?
ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мырзаның аузынан біртүрлі пікір шықты. Ол қазақ футболының көсегесін Еуропада емес, Азияда көгерткісі келеді екен: «Қазақстан футбол федерациясын УЕФА қатарынан шығарып, Азия қауымдастығына қайтадан қосу керек. Өйткені, кәрі құрлықтан гөрі сары құрлықта Қазақстан футболшыларының мүмкіндігі мол. Азия құрлығында доп тепсе, 1-6-орындар арасына таласуға болады». Құдай-ау, Қазақстан УЕФА-ға 2002 жылы 25 сәуір күні өткен кезде бөрігімізді аспанға атып қуанып, футболдың өркенді жолын үйренеміз деп талаптанған едік қой. Енді аттың басын кері бұрып, бұл кісіге не көрінді? Қазақстан құрама командасы Еуропа іріктеу ойындарында қайта-қайта сүрініп, жеңіске жете алмай діңкелеген соң, ең болмаса, Азия құрлығында орын алып жағасы жайлау болып отырғысы келе ме? Министрдің аузынан Қазақстан футболын дамытудың өзге тың ізденістері туралы сөздің айтылмауы тым өкінішті. Соңғы жылдары Азия футболының деңгейі де біршама өскенін Темірхан Мінайдарұлы білмей отырған жоқ. Ешкім де жеңісті қолдан бермейді. Ендеше Азия футболында бізге оңай болады деу пендешіліктен басқа ештеңе емес. Сірә, министр мырза кезінде В.И. Лениннің «Бір адым ілгері, екі адым кейін» деген еңбегін көп оқыған болуы керек.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Біздің топтағы екі ойын
Келесі жаңалық
4-турдан не күтеміз?
Серіктес жаңалықтары
×