"Блауграна" Туранмен келісіп қойды ма?

28.06.2015, 00:45
"Блауграна" Туранмен келісіп қойды ма?
Түркиялық футболшыны Католония астанасына шақыру үшін Хосеп Мария Бартомеу барын салады "Барселона" командадан кеткен Хавидің орның жоқтатпайтын футболшы іздеуге кіріскені қашан. Бас бапкер Луис Энрике Арда Туранды командада көргісі келетінің басшылыққа мәлімдеген. Футболшы бүгінде "Атлетико Мадридке" тиесілі. Алайда Арда басқа клубқа ауысуға ниетті екенін айтқан еді. Себеп, кейбір басылымдар жазғандай Симонемен арадағы жанжалда емес. Жартылай қорғаушы өз бағын алпауыт клубтардың бірінде сынап көрмекші. El Mundo Deportivo-ның жазуынша "Барселона" президенті Бертомеу Туранның трансфері жөнінде келісіп қойған. Мәліметке сенсек, енді тек ресми расталу ғана қалды. Арданың арқасында "Атлетико" 41 миллион еуроға байығалы отыр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×