Blick.ch: «Янг Бойздың» 80 фанаты қиян шетке аттанды»

28.09.2016, 19:07
Blick.ch: «Янг Бойздың» 80 фанаты қиян шетке аттанды»
Швейцариялық Blick.ch порталы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі«Астана» - «Янг Бойз» матчында қонақтарды 80-ге жуық жанкүйерлер қолдайтынын мәлім етті. «Мұндай қашықтыққа ешкім барған жоқ, бірақ бейсенді күні кешкісін «Янг Бойз» қолдаусыз қалмайды. 80 жанкүйер сүйікті командасына қолдау көрсету үшін 4500 километрді басып өтпек. Бұл қиян шетке жасалған нағыз саяхат. Олардың алдында қалпағымызды шешуіміз керек», - деп жазды портал. Естеріңізге сала кетсек, «Астана» мен «Янг Бойз» матчы 29 қыркүйекте Астанада жергілікті уақытпен 21:00-де басталады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×