Зидан: Біз жеңіске лайықты ойын көрсеттік

28.09.2016, 19:06
Зидан: Біз жеңіске лайықты ойын көрсеттік
Кеше Чемпиондар лигасында кезекті тур ойындары өтті. Дортмундтың "Боруссиясы" өз алаңында "Реал" Мадрид командасын қабылдады. Қос команда 2 голдан соғып, тең тарқасты. Ойыннан кейін Зинедин Зидан "Реал" жеңіске лайықты өнер көрсетті деп мәлімдеді. "Біз жеңіске лайықты өнер көрсеттік. 2 гол соғып, 2 рет ұтып тұрдық. Алайда, жеңісті қолдан шығарып алдық. Негізі 3-4 гол соғып тастайтын мүмкіндігіміз болды. Енді осы ойыннан сабақ алып, өзге матчтарда жеңісті тіркеуге тырысамыз" деді мадридтік команданың бас бапкері.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×