Блог-платформаға қош келдіңіз!

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
24.04.2020, 00:32
«Аладоп» сайтының барша оқырмандарына жалынды сәлем!!!
Блог-платформаға қош келдіңіз!

2010 жылы ашылған сайтымыздың талай қызықтарды бастан өткергені рас. 10 жыл уақыт бойы мен қолымнан келгенше сайтты "өлтіріп" алмауға тырыстым. Қолымның тигенінше материал мен жаңалықтар салып отырдым. Бразилиядағы Әлем чемпионаты кезінде аракідік жазбалар салдым. "ҚазСпорт" арнасында жүрген жылдары менің сайтқа қарауға шамам жетпеді. Оны көп жағдайда Руслан Бақытжан, Уалихан Қосанбай секілді комментатор-журналистер атқарып жүрді. Оларға, әлбетте мың алғыс. Одан кейін де сайтқа ақпарат салып тұрған жігіттер болды. Барлығының атын жазып отыруға шама жетпес.

Енді сайтымыз тағы бір қайта түлегендей болып отыр. Қыстан аман шыққан көтерем аттай болса да, қайта дәуірлеуге бет алды. Енді біздің мақсат айқын. Ел футболын және Әлем футболын қазақ тілінде сөйлету. Бастапқы мақсатымыз да осы еді. Сондықтан осы жолы ресейдің сайттарындағыдай блог-платформаны іске қостық. Демек, қадірменді оқырман, Сіз де енді сайтымыздың бір бөлігіне айнала аласыз. Әлеуметтік желі арқылы тіркеліп, блогыңызды жүргізсеңіз болады. Көкейіңізде жүрген мәселені жазып, фотосын салып, видеосын тіркей аласыз. Бәлкім өзіңіз тұратын ауылда футбол алаңының сапасы нашар шығар, болмаса Аарон Рэмзидің пастарынан ғаламат көре қалсаңыз оның барлығын сайт бетінде көпшілікке паш ете аласыз. Қаншама журналисттер осы блогтан бастап танымал болып кеткенін де ескеріңіз. Сондықтан да, жазамын деген адамға біз қолбайлау болмаймыз. Қайта, қош келдіңіз деп айтамыз. Алға "Аладоп"!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×