Болжам-бұрыш. Реал жеңіс үшін қолдан келгенді істейді

27.04.2011, 20:05
Болжам-бұрыш. Реал жеңіс үшін қолдан келгенді істейді
Негізі мұндай матчтарға болжам жасаудың өзі қиын. Тіпті, керегі де жоқ дерсіз. Себебі аталған командалардың ойындарының қалай өрбіп кететінін ешкімде дәл басып айта алмайды. Оны біз емес керек десеңіз Хосеп Гвардиолада білмеуі мүмкін. Әйтеуір ойын алдындағы жағдайларға қарап, бір кесімді пікір айту ғана қолымыздан келер.
[caption id="" align="alignright" width="330" caption="Игуаинның гол ұратын кезі келді"][/caption] Сонымен, "Реал" соңғы ойындарын осы кездері "Барсаға" арнауда. Тыңғылықты дайындалып, әрбір керекті ойыншыны сақтап бағып, аңдыған-баққаны "Барса" болып отыр. Корольдік клуб король кубогын жеңісімен елдің де, "Реал" ойыншыларының да ойында "барсаны" ұтуға болады екен дегендей пікір қалыптасты. Ұтылмайтын ешкім жоқ. "Валенсиямен" өткен кездесуде "Реал" білгенін істеді. Және өте керемет істеді. Кез-келген шабуылы әдемі, әрі қауіпті болды. Соның 6 мүмкіндігі голға айналды. Аргентиналық шабуылшы Игуаин жарақатынан айыққанын сол сырт алаңда өткен кездесуде толық дәлелдеді. Хет-трик соғу оңай шаруа ма?! Оған қайта-қайта керемет пастар шығарған Каканың өзі неге тұрады?! Жақында әйелі ұл тапты. Оның көңіл-күйі қазір жақсы. Алаңға сәті келсе шығып қалуы да ғазжап емес. Бірақ, орталық алаңда ойқастайтын Өзіліңнің өзі өз ойынын тапқандай.

Гвардиола мойындады. Осы ойынның алдында "кім фоварит десеңіз, Ол - "Реал"" - деді. Иньеста ойнамайды екен. Оны жалған ақпарат көздері емес Хосептің өзі ойын алдындағы баспасөз мәслихатында айтты. Орталық қорғаушылардың да жарақаттары бар дей кетті тағы. Ал "Реалда" барлығы тас-түйін дайын.

Атақты шабуылшы бразилиялық Роналдо: "Алғашқы кездесуде "Реал" жеңетін шығар, ал осы теке тіресте кім жеңіп шығатыны келесі жауапты матчта белгілі болады, - деп салды. Кезінде аталған қос клубта да өнер көрсеткен жұлдыз бірдеңінің сырын білуі мүмкін. Біздің болжамымыз бойынша төмендегі коэфиценттерге қойған абзал. Тотал Реал Мадрид (1) көп - 1.61 Реал Мадрид соғады: иә - 1.29 Алмасытыру (5.5) көп - 1.55 Мачта автогол: иә - 11

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×