«МЮ» ФИНАЛҒА БІР ТАБАН ЖАҚЫН

27.04.2011, 18:58
«МЮ» ФИНАЛҒА БІР ТАБАН ЖАҚЫН
Бұл – қос команданың футбол тарихындағы тұңғыш кездесуі. «МЮ» маусым басында-ақ ЧЛ басты фавориті саналған. Ал «Шалькенің» ұзаққа шабатынына ешкім сенбеген еді. Бірақ топтан тоқтамай, одан кейін «Валенсия» мен «Интердің» талқанын шығарды. «04″ кодты команда өз тарихындағы ірі табыстарына қол жеткізіп отыр. Осыған дейін «Шальке» еуропалық ірі сындардың төрттігіне еніп көрмеген еді. Бүгінгі матчта «қызыл сойқандар» басым ойнады. Бірақ «Шалькенің» қақпашыcы Нойердің еңбегі нағыз ерлікке пара-пар. Ойынның ортасына дейін аса сауатты ойнаған алаң иелері, 67 минутта ғана қарсыластар қақпасының кілтін тапты. Алға суырылып шыққан Руни сол қапталдағы Райан Гиггзге әдемі пас шығарып берді. Мұндайда Гиггз қателесе қоймас. Нойер қақпасынан саңылау тауып, есеп ашты. Араға екі минут салып, Рунидің өзі есепті еселеп, командасына жеңіс сыйлады. «ШАЛЬКЕ» (Германия) – «МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД» (Англия) – 0:2 (0:0) Голдар: Гиггз, 67 (0:1). Руни, 69 (0:2). «Шальке»: Нойер, Утида, Метцельдер, Пападопулос, Сарпей (Эскудеро, 72), Баумйоханн (Клюге, 53), Матип, Хурадо (Дакслер, 83), Фарфан, Рауль, Эду. «Манчестер Юнайтед»: ван дер Сар, Фабиу, Фердинанд, Видич, Эвра, Кэррик, Пак Джи Сун (Скоулз, 73), Гиггз, Валенсия, Руни (Нани, 83), Эрнандес (Андерсон, 73). Ескертулер: Метцельдер, 34. Фабиу, 58. Сарпей, 71. Төреші: Веласко Карбальо (Испания). Гельзенкирхен. Стадион «АуфШальке». 54 000 Жұрттың көбі «МЮ» жеңісіне сенген бүгін. Бірақ ЧЛ жартылай финалында әлсіз команда болмайды. «Шалькенің» де финалға таласы бар. Демек, Манчестердегі қарымта ойында неміс командасы қарап қалмас.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×