Болжам-бұрыш. "Тобыл" - "Слован"

19.07.2011, 19:55
Болжам-бұрыш. "Тобыл" - "Слован"

Бүгін "Қазақстан" Ұлттық арнасында түнгі сағат 22-00-де "Тобыл" - "Слован" арасындағы кездесудің тікелей репортажы тарайды. Осы матчты қаншама қазақстандық жанкүйер тағатсызданы күтіп отырғаны белгілі. Осы кездесу алдандағы пікірлерді жинақтап, болжам жасап көрсек. 

Өткен алғашқы кездесуде қостанайлықтар 10 адамға қарсы жүріп, байқаусызда гол жіберіп алды. Бас бапкер Петренконың айтуынша бұл өте ұят нәрсе болған. Енді соның есесін өз алаңымызда қайтарамыз деп отыр. Топтық кезеңге шығуды мақсат етіп отырған "Слованның" ой алыста. Ал, "Тобыл" болса келесі кезеңге өтуді басты міндет тұтып тұр. Егер келесі кезеңге өтсек, онда барлығы біз үшін жақсы болар еді дейді Петренко. Себебі ол кезеңде жеңілгенімен Еуропа лигасына түсеміз дейді. Десе де болжам жасаудың шебері букмекерлік кеңселер осыдан бір апта уақыт бұрын "Тобылдың" жеңісіне 5,05 коэфицент берген болатын.  Енді бұл сан қазір төмендеп кетті. «Bwin» кеңсесінің қазіргі қойып отырған коэфиценті 4.75. Тең нәтиже - 3.75. "Олимп" кеңсесінің 3-4 күн бұрын беріп отырған бәсі бүгін алынып тастады. Демек, осы матч алдында әлденеден сескену байқалады деген сөз. "Тобыл" өз алаңында өте жақсы өнер көрсетсе 2:0 есебімен жеңіп, ойынды овер-таймға дейін жеткізуі де ықтимал нұсқа. Сондықтан да біздер үшін жерлестеріміздің оң нәтижесіне сену керек. Мысалы, "Тобыл" жеңілмейді деген тоқтамға келсек - жақсы ұстаным секілді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×