Жас аяқдопшыларымыз жарап тұр

19.07.2011, 20:53
Жас аяқдопшыларымыз жарап тұр
Футболдан Премьер-Лиганың әр түрлі жылда туған жасөспірімдер арасындағы доп додасы жалғасуда. Осы аптада Ақтөбеге "Атырау", "Шахтер", "Каспий", "Ақжайық", "Шахтер", "Астана", "Восток", "Қайрат" командаларының 1994 жылы туған аяқдопшылары жиналды. "Ақтөбе" бұған дейін Атырау қаласында ірі есептерге қол жеткізген еді. "Атырау", "Ақжайық", "Каспий" командаларын тиісінше  5:0, 3:0, 5:1 есебімен тізе бүктірді. Ал осы аптада ақтөбелік жас ұжым "Қайрат" (2:0), "Восток" (5:0) командаларын жеңсе, "Шахтермен" (2:2) тең түсіп, "Астанадан" (1:5) ойсырай ұтылды. Осылайша "Ақтөбе" турнир кестесінің алдыңғы қатарлы орнын сақтап қалды. Енді бұл жарыстың жалғасы Атырау қаласында өтпек. Естеріңізге сала кетсек, бұл додада "Ақтөбе" 2009 жылы екінші орын алып, күміс медальды мойындарына тақса, былтыр төртінші орын алған еді. Биыл жас футболшыларымыз алтыннан алқа тағады деген үміттеміз.

Есет Төлеш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Жаңа «Алтын доп»
Серіктес жаңалықтары
×