Жаңа «Алтын доп»

19.07.2011, 21:12
Жаңа «Алтын доп»

Үстіміздегі жылдан бастап УЕФА Кәрі құрлықтың үздік ойыншысына жаңа «алтын доп» беретін болды. Мұндай шешімге УЕФА-ның басшысы Мишель Платини мен Еуропа Футбол Ассоциауиясы (European Sports Magazines (ESM)) біріге отырып келді. жаңа сыйлықтың иегері болып ұлтына, нәсілініне қарамастан УЕФА-ның құрамында бар барлық клубтардың ойыншылары ие бола алады. Ал, ойыншылар 2010-2011 жылғы маусымда өнер көрсеткендігі бойынша бағаланады. Төршілер құрамы Еуропаның ең үздік деген 53 тілшісімен бекітіледі. әр журналист өзінің қалауы бойынша 3 үздік ойыншыны таңдап, оның ең үздігі 5 ұпай, екіншісі 3 ұпай, тиісінше үшінші ойыншы 1 үпай алады. Ең жоғарғы ұпай жинаған үш ойыншы ақтық мәреге яғни, финалдық дауыс беру кезеңіне өтеді. Алтын допка үміткер үш ойыншының есімі шілде айының 25-жұлдызында белгілі болады. Ал, жеңімпаз 25 тамыз күні Монакадағы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жеребе тарту барысында анықталады.

"Аладоп.кз"

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Соңғы ауыс-түйістер
Серіктес жаңалықтары
×