«Боруссия Дортмунд» ивуарлық шабуылшымен толығады

23.06.2022, 01:25
Трансфер құны 35 миллион еуроны құрады.
«Боруссия Дортмунд» ивуарлық шабуылшымен толығады

«Аякс» шабуылшысы Себастьян Аллер жақын күндері дортмундтық «Боруссияға» ауысады, деп хабардайды инсайдер Фабрицио Романо.

Дереккөздің келтірген мәліметіне сүйенсек, шабуылшы ертең медициналық тексерістен өтеді. Аллердің «Боруссиямен» келісім-шарты төрт жылға есептеледі, соған сәйкес, жылына 8 миллион еуро алатын болады. Трансфер құны 31+4 миллион еуроны құрады. Бұл «Боруссия» үшін рекордтық сома болып табылады.

Аллер дүйсенбі күні жаңа клубтағы алғашқы жаттығуын өткізеді.

Кот-д'Ивуар құрамасының шабуылшысы осы жазда «Боруссияға» қосылған жетінші жаңа ойыншы болды. Бұған дейін дортмундтық клуб «Бавариядан» Никлас Зюле, «Фрайбургтен» Нико Шлоттербек, «Кельннен» Салих Озжан, «Ред Булл Зальцбургтен» Карим Адейеми, «Манчестер Ситиден» Джейден Браф және «Ян Регенсбургтен» Александр Мейерді сатып алған еді.

Аллер өткен маусымда «Аякс» үшін 42 ойында 34 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×