Бұрын-соңды болмаған трансфер

14.04.2020, 01:11
«Тоттенхэм» командасының шабуылшысы Харри Кэйн «Манчестер Юнайтед» командасына ауысуға келісімін берді.
Бұрын-соңды болмаған трансфер

Бұл ақпаратты атақты SKY Sport агенттігі растап отыр. "Тоттенхэм" клубы 800 миллионға жуық қарызға батып, кредиттерін төлей алмай қиын жағдайға түсті. Оның үстіне коронавирус індетінің біршама телекөрсетілім қаржысынан айырғанын біліп отырсыздар. Сондықтан да, лондондық клуб өзінің негізгі шабуылшысын сатуға мәжбүр. "Манчестер Юнайтед" клубы қыста шабуылшы іздеп Холландты сатып алғысы келді. Алайда, "МЮ" басшылығы бұл трансферге келісім бермеді. Ал Харри Кэйн жайлы әңгіме қозғалғанда олар үлкен сома төлеуге дайын екенін айтты. Ағылшын құрамасының шабуылшысының бүгінгі таңдағы трансфері 227 миллион еуроны құрап отыр. "Қызыл сойқандар" бұл соманы төлей аламыз деп құлшынып отыр. Егер Кэйн "Олд Траффордқа" ауысса, онда Рэшфордтың да тынысы ашылып, Поль Погба мен Бруно Фернандештердің де шабыты ашылар еді. Сосын "Мю" Чемпиондық атақ пен Чемпиондар лигасына таласамыз дейді. Десе де, 227 миллиондық трансфер жүзеге асса, онда бұл футбол тарихындағы ең ірі ауысым болары анық.

Ермұхамед Мәулен

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×