«Челси» Брайтонның» бас бапкеріне көз тікті

07.09.2022, 22:50
Лондондық клуб бұл бапкерді алу үшін «Брайтонға» ақша төлеуі тиіс.
«Челси» Брайтонның» бас бапкеріне көз тікті

«Челси» неміс маманы Томас Тухельді қызметінен босатқаннан кейін жаңа бапкер іздеп жатыр.

Sky Sports порталының хабарлауынша, бұл лауазымға үміткерлер тізімінде ПСЖ мен «Тоттенхэм Хотспурдың» бұрынғы жаттықтырушысы Маурисио Почеттино, «Реал Мадридтің» бұрынғы менеджері Зинедин Зидан, «Брайтон энд Хоув Альбионның» тәлімгері Грэм Поттер және «Бенфиканың» бас бапкері Роджер Шмидт бар. Бірақ 47 жастағы Поттер қазіргі уақытта ағылшын клубының басшылығы үшін ең қолайлы нұсқа ретінде қарастырылуда.

«Челсидің» қожайыны Тодд Бёли бүгін «Брайтон» бапкерімен кездеседі деп күтілуде. Лондондық клуб бұл бапкердің келісім-шартын сатып алу үшін 10 миллион еуро төлеуге дайын.

Еске салайық, бүгін, 7 қыркүйекте «Челси» Тухельдің бас бапкер қызметінен босатылғанын хабарлады. Бір күн бұрын лондондық клуб УЕФА Чемпиондар лигасының 1-турында Загребтің «Динамосынан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×