Чемпиондар Лигасы. Дортмундтан Лондонға дейін

10.04.2014, 05:01
Чемпиондар Лигасы. Дортмундтан Лондонға дейін
  Бір апта бұрыңғы Мадридтегі матчтан кейін, бұл текетіресте интрига өлгендей. Былтырғы кеткен есені қайтаруға, бек бекінген корольдік клуб өкілдері дортмундықтарды тас-талқан еткен болатын. Есені "Боруссия" қайтаруға қауқарсыздай-ақ. Онсызда қосалқы құрамның қысқа орындығын, жарақат жайлаған.  Мадридтегі шайқаспен салыстырғанда, бүгін алаңда Левандовский бар. Осы поляктан былтыр корольдік клуб оңбай таяқ жеген. "Сигнал Идуна Паркта" жалғыз өзі "Реалды" ойсыратқантұғын. Бүгін тарих қайталанады деуге сену қиын. Биылғы "Реал Мадрид" былтырғыдан бір бас мықты, биылғы "Боруссия" былтырғы "Боруссияның" деңгейінен төмендемесе ары асып кете алған жоқ. Жарақат шыр айналдырса да, Дортмунд оңай шағылар жаңғақ емес екен. Бүгін ойын соған дәлел. Бүгінгі ойынға қарап 100 миллионға Бэйл емес, Ройс лайық па дейсің, бір футболшыға бағыныштылық "Барселонада" ғана емес, ондай ауру "Реалда" да бар ма деген ойға қаласың. Әңгіме, Роналдудың алаңда болмағаны жайлы. "Боруссияда" бүгін, ойынға тыңнан қосылып, ойынға өзгеріс енгізе алар футболшының болмағаны. "Әттең тоңның келтесі-ай"- деген шығар Клопп. Бірінші тайм 2-0 есебімен аяқталғаннан кейін, алаң қожайындарының 3-ші, тіпті 4-ші голы уақыт еншісінде ғана көрінгенмен, екінші таймда жауапты сәттерде мүлт кетіп жатты. Жолы болған жоқ. Негізі, "Реал Мадрид" осы жылғы ең осал ойынын, "Боруссия" осы жылғы ең жақсы ойынын өткізді. "Реал Мадрид" жартылай финалда, "Боруссия" вице-чемпион атағынан айырылды. Бірақ, дортмундықтарға ұялатын түкте жоқ. Команда қолынан келгенін істеді, жақсы ойын өрнегін көрсетті. әлемдегі үздік жартылай қорғаныс саналатын "Реал" жартылай қорғанысын шыр көбелек айналдырды. Бір сөзбен жарады. Айтар уәжіміз де, ренішіміз де жоқ.

8 сәуір. Дортмунд. Стадион "Сигнал Идуна Парк". 65829 көрермен. Төреші - Дамир Скомина (Словения).

БОРУССИЯ Д - РЕАЛ МАДРИД - 2:0 (2:0)
 Марко Ройс, 24 (1:0). Марко Ройс, 37 (2:0).
 Анхель Ди Мария, 17 (қақпашы).
Боруссия Д Реал Мадрид
 Роман Вайденфеллер  Икер Касильяс
 Лукаш Пищек, 81  Даниэль Карвахаль
 Мануэль Фридрих   Серхио Рамос
 Матс Хуммельс  Пепе
 Эрик Дурм  Фабиу Коэнтрау
 Милош Йойич  Асиер Илльярраменди, 46
 Оливер Кирх   Хаби Алонсо
 Кевин Гросскройтц  Лука Модрич
 Генрих Мхитарян  Анхель Ди Мария, 73
 Марко Ройс  Карим Бензема, 90+2
 Роберт Левандовски  Гарет Бэйл
Ойын барсында алаңға шыққандар:
 Пьер-Эмерик Обамеянг, 81   Иско, 46
    Каземиро, 73
   Рафаэль Варан, 90+2

Ескертулер:

 Марко Ройс, 75   Серхио Рамос, 27
 Пьер-Эмерик Обамеянг, 82   Хаби Алонсо, 31
 Кевин Гросскройтц, 90+3  Даниэль Карвахаль, 68
    Каземиро, 83
   Карим Бензема, 90+2

 

"ПСЖ" екінші жыл қатарынан Чемпиондар Лигасының ширек финалынан жарыс жолын тоқтатты. Мүмкін, бұл ұжымның  дәл қазіргі таңдағы деңгейі осы болар. Мүмкін, бұл командада да бір ойыншыға ғана бағыныштылық бар болар. Златансыз париждіктер өз-өздеріне сенімсіз көрінді. Өзгеден де, өздерінен де қорыққандай. Жартылай финалға 5-6 минут қана жетпеді. Әр таймда бір-бір голдан тоғытып, Жозе шәкірттері керекті нәтижені қанжығаға байлады.

8 сәуір. Лондон. Стадион "Стэмфорд Бридж". 38500 көрермен. Төреші - Педру Проэнса (Португалия).

ЧЕЛСИ - ПСЖ - 2:0 (1:0)
 Андре Шюррле, 32 (1:0). Демба Ба, 87 (2:0).
Челси ПСЖ
 Петр Чех  Сальваторе Сиригу
 Бранислав Иванович  Кристоф Жалле
 Гари Кэхилл   Алекс
 Джон Терри  Тиаго Силва
 Сесар Аспиликуэта  Максвелл
 Давид Луис  Марко Верратти, 55
 Фрэнк Лэмпард, 66  Тиагу Мотта
 Виллиан  Блез Матюйди
  Оскар, 81  Лукас Моура, 85
 Эден Азар, 18  Эдинсон Кавани
 Самуэль Это'О  Эсекьель Лавесси, 73
Ойын барсында алаңға шыққандар:
 Андре Шюррле, 18  Йоан Кабай, 55
 Демба Ба, 66  Хавьер Пасторе, 73
 Фернандо Торрес, 81   Маркиньос, 85

Ескертулер:

 Виллиан, 24  Марко Верратти, 27
 Фрэнк Лэмпард, 41  Эдинсон Кавани, 40
 Бранислав Иванович, 56  Лукас Моура, 52
 Давид Луис, 82  Максвелл, 79

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×