Чемпиондар Лигасы. 40 жылғы арман орындалды

10.04.2014, 09:02
Чемпиондар Лигасы. 40 жылғы арман орындалды
  Испания астанасында бүгін қызықты ойын болғалы тұр. Бір апта бұрын өзіңе тиімді нәтижеге қол жеткізген "Атлетико", католондық "Барселонаны" сағын сындырып бақпақ. Кешегі ойындар біраз тосын сыйлар, эмоциялар сыйлаған еді. Бүгінгі ойындар несімен қуантпақ? Не де болса "блаугранаға" бүгін оңай болмас. Міндетті түрде гол салу керек, кем дегенде біреу, біреу салса гол өткізбеу керек. Қорғаныстағы проблемаға қарап, мүмкін еместей. Қақпада кәрі Пинто, негізгі орталық қорғаушы Пике жоқ. Онымен қоса, "Атлетико" өз алаңында анда-санда болмаса, голсыз кетпейді. Тіпті, қашан голсыз кеткенін еске түсірудің өзі қиын. Екі команданың мүмкіндігі бірдей болып көрінгенмен, "Атлетикода" пайдасына бірнеше факторлар бар. Өз үйі, жанкүйерлердің қызу қолдауы және уақыт. Күндер өтеді, айлар өтеді, жылдар өтеді. Өзгерместей көрінген тарих өзгереді. Жаңа парақтар ашылады. Алдыңғы буынның жетістігін кейінгі ұрпақ қайталайды, асып түседі. Бүгін де солай. Бүгін Мадридте той. Бәлкім ұлы тойдың алдыңдағы той. Кеше ғана дүниеден озған, ғұмырының біраз бөлігін "матрасниктерге" арнаған Луис Арогонес, 40 жыл бұрын "Атлетико" жейдесін киіп, жасыл алаңда доп теуіп жүргенде, "Атлетико" Чемпиондар Лигасының жартылай финалын бағындарған болатын. Бүгінге дейінгі соңғы рет. Ол кезде бұл турнир Чемпиондар кубогі деп аталатын. "Барселонадан" айласын асырып, тарихтағы сол жетістікті қайталады. Ойынды саралап жатудың өзі артықтық болар, "Атлетико" дәл бүгін "Барселонадан" бір бас басым болды. Осының өзі жетеді.

9 сәуір. Мадрид. Стадион "Висенте Кальдерон". Төреші- Ховард Уэбб (Англия).

АТЛЕТИКО - БАРСЕЛОНА - 1:0 (1:0)
 Коке, 5 (1:0).
Атлетико Барселона
 Тибо Куртуа  Хосе Мануэль Пинто
  Хуанфран  Даниэл Алвес
 Диего Годин  Хавьер Маскерано
 Жоао Миранда  Марк Бартра
 Фелипе  Хорди Альба
 Тиагу Мендеш  Хави
 Габи  Серхио Бускетс
 Коке  Сеск Фабрегас, 61
  Рауль Гарсия   Неймар
  Адриан, 62  Лионель Месси
 Давид Вилья, 79  Андрес Иньеста, 72
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Диего, 62  Алексис Санчес, 61
 Кристиан Родригес, 79  Педро, 72

Ескертулер:

 Коке, 90+1  Серхио Бускетс, 18
   Хавьер Маскерано, 90+2
   Даниэл Алвес, 90+3

 

Егер.. Егер.. Егер бүгін, ғажайып болып "Манчестер Юнайтед", "Баварияны" сан соқтырып жартылай финалдан бір-ақ шыққанда, қызыл сойқандардың әлемдегі бүкіл жанкүйерлері сүйіктілерінің де, Мойестің де бүкіл күнәлерін кешірер еді. Чемпионаттағы сүреңсіздікті де, Англия кубогінен шығып қалуын да, 7-ші орынды дағ "Олд Траффордтағы" талай жеңілістерді де. Бірақ, ғажайып болған жоқ. "Бавария" еш қиындықсыз өз атағын қорғауға тағы бір қадам жақындады. Мойес шәкірттері тактикалық тұрғыдан кем түспесе де, қарқыны мықты неміс машинасының алдында тізе бүкті.

9 сәуір. Мюнхен. Стадион "Альянц Арена". Төреші- Юнас Эрикссон (Швеция).

БАВАРИЯ - МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕД - 3:1 (0:0)
 Патрис Эвра, 57 (0:1). Марио Манджукич, 59 (1:1). Томас Мюллер, 68 (2:1). Арьен Роббен, 76 (3:1).
Бавария Манчестер Юнайтед
 Мануэль Нойер  Давид Де Хеа
 Филипп Лам  Фил Джонс
 Джером Боатенг  Крис Смоллинг
 Бонфим Данте  Неманья Видич
 Давид Алаба  Патрис Эвра
 Арьен Роббен  Майкл Кэррик
 Тони Кроос  Даррен Флетчер, 74
 Томас Мюллер, 84  Антонио Валенсия
 Марио Гётце, 65  Синдзи Кагава
 Франк Рибери  Дэнни Уэлбек, 81
 Марио Манджукич  Уэйн Руни
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Марсио Рафинья, 65  Хавьер Эрнандес, 74
 Клаудио Писарро, 84  Аднан Янузай, 81

Ескертулер:

 Марсио Рафинья, 73  Неманья Видич, 28
   Патрис Эвра, 70

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×