Чемпиондар лигасы. Кім мықты

12.04.2014, 01:56
Чемпиондар лигасы. Кім мықты
  Бүгін түс ауа тартылған чемпиондар лигасының жартылай финалдық жеребесіне бәріміз куә болдық. Көп адам күткендей Испанияның "Реал Мадриды" былтырғы чемпиондармен кезігетін болды. "Бавария" мен "Реалдың" қандай командалар екенін жақсы білетін жанкүйерлер екуін нағыз финалға бергісіз ойын жасайды деп сенуде. Расында да, осы жұптың жеңімпазы ең соңында чемпион болуы әбден мүмкін. Ал биыл чемпиондар лигасында әлі жеңілмеген, тағы бір мадридтік команда Лондонның "Челсиімен" шеберлік байқасатын болады. Біз бұл командалардың қайсысы жеңіп, қайсысы жеңілетіні жайлы сөз қозғағалы отырған жоқпыз. Біздің мақсатымыз осы екі жұптың бұдан бұрынғы Еурододаларда кезіккен сәттерін санамалап көру. Реал Мадрид VS Бавария Бұл екі команда тарихта 20 мәрте кезіккен. Соның 11-інде жеңіске жеткен Мюнхендіктер таразы басын басып тұр. Ал испандықтар жеті ойынды өз пайдаларына шешкен. Қалған екі кездесуде тең тарқасқан екен.
Маусым   командалар өз алаңында қонақта жалпы есеп
11-12 ЧЛ 1/2финал Реал vs Бавария 2:1 1:2 3:3(П1:3)
06-07 ЧЛ1/8финал Реал vs Бавария 3:2 1:2 4:4
03-04 ЧЛ1/8финал Реал vs Бавария 1:0 1:1 2:1
01-02 Чк1/4финал Реал vs Бавария 2:0 1:2 3:2
00-01 ЧК1/2 финал Реал vs Бавария 0:1 1:2 1:3
99-00 ЧК1/2 финал Реал vs Бавария 2:0 1:2 3:2
99-00 ЧК топтық кезең Реал vs Бавария 2:4 1:4  
87-88 ЧК1/4финал Реал vs Бавария 2:0 2:3 4:3
86-87 ЧК1/2 финал Реал vs Бавария 1:0 1:4 2:4
75-76 ЧК1/2 финал Реал vs Бавария 1:1 0:2 1:3
ЧЛ- Чемпиондар лигасы ЧК- Чемпиондар кубгы (Чемпиондар лигасы бұрын осылай аталатын.) Атлетико VS Челси Бұлар бұдан бұрын екі-ақ мәрте кезіккен.
маусым   командалар өз алаңы қонақта    
09-10 ЧЛтоптық кезең Атлетико vs Челси 2:2 0:4  
Қуанышхан ӨМІРХАН
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×