Дани Алвес : "Барселона" басшылығы - өтірікшілер

21.02.2017, 20:22
Дани Алвес : "Барселона" басшылығы - өтірікшілер

Италияндық "Ювентустың" намысын қорғап жүрген, "Барселона" футбол клубының экс-футболшысы бразилиялық Дани Алвес атақты "ABC" басылымының тілшілеріне сенсациялық сұхбат берді. - Мені басқалардың жақсы көргендері ұнайды. Сондықтан, егер керек болмасам, кетуге тəуекел етемін. "Барселонадан" тегін кеткендігім, мен үшін үлкен сабақ болды. "Алвес кетеді" - деген сөзді соңғы 3 жылда жиі-жиі естіп жүрдім. Бірақ, басшылық бұл туралы маған тіс жармады. Олар - өтірікшілер. Мені сыйлаған жоқ. Келісім-шартты ұзартуды, клуб трансферлік бан-ға ұшыраған соң ғана ұсынды. Бұған, қарамастан ұзақ уақытқа келісім-шартқа отырған едім. "Барселонаның" басшылығында отырғандар, "Барселонада" тыныс-тіршілігінен алыс адамдар... - Ал, Криштиану Роналду екеуміздің арамыздағы келіспеушіліктердің себепкері- бұқаралық ақпарат құралдары. Менің Криштиануды қаншалықты сыйлайтынымды басқалар білсе ғой... Мен қайталап айтамын: - Мен Криштиануды құрметтеймін. Ол - нағыз кəсіпқой, біз жай алаңда ғана қарсыласпыз. Мен бір сұхбатымда: - Криштиану - эгоист деп айтқанмын. Себебі, ол үнемі жеңімпаз болуды қалайды жəне бұл сөздерді үлкен құрметпен айтқан едім. Тіпті, Месси мен Неймарды да осылай айтар едім. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл көзқарасымды теріс мағынада жарыққа шығарыпты. Жəне Криштиану бұл сөздерге қатты сеніпті. Ол сол себепті "Алтын доп-2015" марапаттау рәсімінде сəлемдескен де жоқ. Тіпті, ол басылым туралы айтқым келмейді...

Ержігіт Күнтубаев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Уолкотт 100 гол соқты
Келесі жаңалық
Біздің "Ма-Ма"
×