Уолкотт 100 гол соқты

21.02.2017, 17:25
Уолкотт 100 гол соқты
Англия кубогінің 5- айналымында төменгі дивизионда ойнайтын "Саттон Юнайтед" клубы өз алаңында лондондық "Арсеналды"  қабылдап, 0:2 есебімен жол берді, ойынның 27-минутында Перес есеп ашып команданы алға жетелей білді. 55-минутта Уолкотт есепті еселеп өз командасын келесі кезеңге алып шықты. Осы турнирдің 4-айналымыда "Саттон Юнайтед" "Лидстен" басым түсіп, келесі кезеңге өткен еді. Ал өз кезегінде лондондық "Арсенал" "Саутгемптонға" жауапсыз бес гол соғып, келесі кезеңге жолдама алған. Арсен Венгер бұл ойында жас ойыншыларға үміт артып келеген болатын. Десекте, Перес және Уолкотт сынды ардагер ойыншылар көзге түсті. Айта кетейік, Тео Уолкотт өзінің "Арсенал" сапындағы 100-голын соқты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×